User:Kairzhan79/sandbox
әбсаттаров Раушанбек Бұрамбайұлы
[edit](8.4.1940 ж.т., Ауғанстан) – филос. ғыл. докт. (1990), проф. (1991). Киев мемл. ун-тінің филос. ф-тін (1967) және оның аспирантурасын (1970) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент (1971–87), Қазақстан КП ОК жанындағы ұлтаралық қатынастар секторының меңгерушісі (1988–90), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау ин-тында кафедра меңгерушісі (1991–94), ҚР Президенті аппаратында кеңесші (1995–97), 1997 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (тарих ф-тінің деканы, 2000–02) және осы ун-ттің «Хабаршы» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. Оның ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі бағыты – ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті, этносаяси қауымдастық, халықтардың бірлігі мен әр түрлі ойлау стилі, т.б. мәселелер. "Ғылыми-техникалық революция және қоғамдық өмірдің интернационализациялануы: әлеуметтік-философиялық талдау" деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә. 500-ден астам ғыл. мақаланың, оның ішінде 32 монографияның авторы.
Әбсәметов Мәлік Құдысұлы
[edit](1.9.1953 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд. Фабричный кенті) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1992). Қазақ политех. ин-тын (1975) және Қазақстан ҒА-ның Гидрогеол. және гидрофиз. ин-тының аспирантурасын (1980) бітірген. Осы ин-тта (1975–77), ҚР Президенті жанындағы Ғыл. және тех. мәселелері жөніндегі жоғары консультативтік кеңес мүшесі (1995–96), ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Білім және ғыл. мин-лігінің ғыл. департаменті директорының орынбасары, директоры (1996–2001), осы мин-ліктің Жоғары аттестаттау к-ті төрағасының орынбасары (2001–03), 2003 жылдан Қазақ ұлттық тех. ун-тінде проректор қызметтерін атқарады. «Геохимия подземных вод Балхашского сегмента земной коры Центрального Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады.
Әбсәметов Сіләм Құдысұлы
[edit](9.9.1947 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд. Қастек а.) – заң ғыл. докт. (2002), ген.-майор (1997). Қазақ политех. ин-ты (1972) мен Қазақ құқықтану және халықар. қатынастар ин-тын (2002) бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР-і МҚК-нің Алматы обл. бойынша төтенше уәкілі болып бастаған Ә. кейін ҚР ҰҚК жүйесінің түрлі салаларында басшылық қызметтер атқарды. 2002 жылдан ҚР ҰҚК академиясының бастығы.
Әбуғалиев Ізтелеу
[edit](16.12. 1930 ж.т., қазіргі Батыс Қазақстан обл. Жаңақала ауд. – 27.10.2004, Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1976), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1984), проф. (1988), Қазақстан ҒА-ның акад. (1994). ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) және осы ун-ттің аспирантурасын (1956) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Ботаника ин-тында (1957–59, қазіргі Ботаника және фитоинтродукция ин-ты) кіші ғыл. қызметкер, 1959 жылдан Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры (1975–95), 1995 жылдан ҚР Ұлттық академиялық агр. зерттеулер орт-ның акад.-хатшысы болды. 1975 ж. «Қант қызылшасының тұқымын өсіруге және оның селекциясына, аймақтық егіншілік жүйесі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ол Қазақстан а. ш. ғылымына жаңа бағыттарды – қант қызылшасының селекциясын, биотехнологияны, сорттық агротехниканы, өсімдік генофондын, биометрияны, т.б. енгізді; а. ш. дақылдарының (қант қызылшасының, жүгерінің, күздік бидайдың) жаңа сорттарын шығарды. Оның суғарылатын, суғарылмайтын, тәлімі, таулы жерлерде егіс жүйелерін жасауға және а. ш. дақылдарын өсіру технологиясын жақсартуға арналған ғыл. ұсыныстары мен әдістемелері а. ш. өндірісіне енгізілді. Ә. 260-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 10 авторлық куәліктер мен патенттердің иегері. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Әбуғалиева Айгүл Ізтелеуқызы
[edit](20.8.1959 ж. т., Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1994), проф. (2000). ҚазМУ-дың биол. ф-тін (1981, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақ Егіншілік ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1984) бітірген; осы ин-тта кіші ғыл. қызметкер (1981–83), ғыл. қызметкер (1985–87), лаборатория меңгерушісі (1988–89; 1991–2002), аға ғыл. қызметкер (1989–92), Қазақ ұлттық агр. ун-тінде проф. (2000–2002), ҚР А. ш. мин-лігінің ғыл.-өндірістік орт-ның директоры (2002–04) және 2005 жылдан лаборатория директоры әрі меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Компоненты глиадина и субьединиц глютенина в селекции пшеницы на качество зерна» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә. 300-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 5 монографияның, т.б. авторы, 4 патенттің иегері.
Әбуев Қадыржан Қабиденұлы
[edit](26.12.1938 ж.т., қазіргі Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Қызыл әскер а.) – тарих ғыл. докт. (2002), проф. (2003), Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі (1978), Қазақстанның еңбек сің. қайраткері (2008). Петропавл пед. ин-тының тарих-филол. ф-тін бітірген (1962). Солт. Қазақстан обл. Булаев ауд. және Көкшетау обл. Володар ауд-ндағы орта мектептердің директоры (1962–64), Көкшетау обл. к-тінде нұсқаушы (1964–65), Көкшетау мемл. ун-тінде аға оқытушы (1972–74), декан (1974–76), ал 1976 жылдан кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды. 8 монография мен 120-дан астам ғыл. мақаланың авторы.
Әбуева Нұрбану Әділбекқызы
[edit](25.11.1969 ж.т., Өзбекстан, Бұхара қ.) – саясаттану ғыл. докт. (2008), проф. (2008). ҚазҰПУ-ды бітірген (1998). 2008 жылдан ҚазҰПУ-дың халықар. ынтымақтастық басқармасының бастығы болып қызмет атқарады. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқармасының жаңашалану жағдайындағы саяси элита» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ә-ның 100-ден астам ғыл. жұмыстары шетелдік және отандық басылымдарда жарық көрді.
Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табари, Ә Б У Ж А Ф А Р М Ұ Х А М М Е Д И Б Н Ж А Р И Р И Б Н И А З И Д А Т - Т А Б А Р И
[edit](839, Табаристан өлкесі, Амул қ. – 923, Бағдад қ.) – тарихшы. Бірқатар уақыттар бойына Рей, Бағдад, Басра, Куфра қ-ларында, кейін Сирияда, Мысырда болған. Өмірінің соңғы жылдарында Бағдад қ-нда тұрып, заң, аңыз-әпсана салаларында дәріс оқыған. Ол ғалым, тарихтанушы ретінде түрлі пәндерге байланысты оннан астам еңбек қалдырған. Еңбектерінің бірінде Орта Азия мен Қазақстан туралы деректер бере отырып, түркі тайпаларының ислам дініне енуіне, арабтардың жаулап алуына қарсы күресіне, соғдылардың Жетісуға қоныс аударуына, Жетісу түркілерінің этнографиясы және олардың қалалары жайындағы мәліметтерге жан-жақты тоқталады. Осы еңбегі 1879–1901 ж. голландиялық ғалым М. де Гуе жетекшілігімен жарық көрді.
Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фараби
[edit](т.ж.б. – 951 ж.ш.) – қазақ даласынан шыққан ғұламалардың бірі, әдебиетші, тіл маманы, ұстаз. Әбу Наср әл-Фарабидің замандасы. Қазіргі Оңт. Қазақстан обл-ның жеріндегі көне Фараби (Отырар) қ-нда туған. Жас кезінде сонда оқып, кейін білім іздеп араб елдеріне аттанған. Біраз уақыт ерте кезден оқу, білім, ғылым орталығы ретінде аты шыққан Йемендегі Забид қ-нда тұрған. Көп жылдар Шығыс елдерінде өмір кешіп, өзінің ғыл. еңбектерін жазған. Кейіннен Отанына оралып, ұстаздық етіп, туған шаһарында дүниеден қайтқан. Ә. И. И. әл-Ф. есімі араб әлеміне ертеден белгілі. Оның құнды зерттеулері, қолжазбалары Веймар, Париж, Лондон, Фес, Каир, т.б. ірі қ-лардағы кітапханаларда сақтаулы. Ішіндегі ең ірісі әрі қазір де белгілісі – «Диуан әл-адаб» («Әдеби жинақ»). Ғалым бұл еңбегінде әдебиет пен тіл мәселелерін жан-жақты зерттеп, жүйелеген. Бұл еңбекті белгілі араб ғалымдары Ахмад Мұхтар Омар мен Ибраһим Анис Каирде 4 том етіп (1-т., 481-б., 1974; 2-т., 501-б., 1975; 3-т., 470-б., 1986; 4-т., 259-б., 1978) бастырып шығарған. Ғыл. еңбектерін алғаш тауып, зерттеген неміс шығыстанушысы К.Броккельман (1868–1959).
Әбу-Л-Қасым Әл-Фараби
[edit](1130–1210 ж.ш.) – ойшыл-ғалым. Отырар шаһарында дүниеге келген. Осында білім алып, кейін оны Иасы, Шаш, Самарқан және Бұқара қ-ларында одан әрі жалғастырған. Филос., логика, этика, тарих, геогр., астрон. іспетті ілімдерден жан-жақты мәліметі болған және бұл салаларда терең ойлы тұжырым, көзқарастары арқылы айтарлықтай із қалдырған. Бізге «Ғылым түрлері», «Таза шындық», «Пайғамбарлардың қасиеттері туралы әулиелер сөзі», «Уағыз үлгілері» атты шығармалары жеткен. Болмыс шындығы туралы «Ғылым түрлері» аталатын еңбегінің қолжазбалары Үндістан, Голландия, Түркия, Египет, Ватикан кітапханаларында, Ташкент пен Санкт-Петербургтің Шығыстану ин-ттарында сақтаулы. Ғибратқа толы, тағылымдық мәні бар қанатты сөздермен жазылған, психол., имандылық және дін ілімі бойынша әрі қысқа, әрі нұсқа мағлұмат беретін «Таза шындық» атты еңбегінің мазмұны Қожа Ахмет Йасауи «Хикметтерімен» («Даналық сөздерімен»), Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білігімен» ұқсас деуге болады. «Таза шындық» – өзі өмір сүрген қоғамы мен халқын рухани тазалыққа үндеген, адалдық пен имандылыққа шақырған игілікті дүние. Ол ой мен бой, тән, жан тазалығын сақтауға үндейтін өсиетімен, ислам іліміндегі «мемлекеттің қарапайымдылығы, құдірет иесінің кешірімділігі, ашу кезіндегі ақыл, мүсіркеусіз қайырымдылық» деген төрт қағидасын уағыздауымен құнды.
Әбу-Л-Қасым Ибн Хаукал, Ә Б У - Л - Қ А С Ы М Ә Н - Н А С И Б И И Б Н Х А У К А Л
[edit](т.-ө.ж.б.) – 10 ғ-да өмір сүрген араб саяхатшысы, географ. Месопотамиядағы Насибин қ-нда туған. Ол өмірінің көп бөлігін саяхатпен өткізіп, бүкіл мұсылман әлемін аралаған. әл-Истахридің ілімін дамытып, «Китаб әл-Масалик уә-л-Мамалик» («Жолдар мен патшалықтар кітабы») атты геогр. шығарма жазған. Еңбек Қазақстанның ерте ортағасырлық тарихы бойынша аса құнды дерек болып табылады. Кітапта оғыз, қарлұқ, қимақ, қырғыз, тоғыз оғыз, хазар, т.б. түркі тайпалары туралы тарихи-этногр. мағлұматтар келтіріледі. Аталған тайпалардың мекендеген жерлері, Ұлы Жібек жолы, т.б. сауда жолдары суреттелген. Оңт. Қазақстан, Сырдария мен Жетісу алқаптарының қалалары мен елді мекендері жөнінде бірталай деректер берілген. Исфиджаб, Тараз, Сауран, Сүткент, Фараб, Кедер, Шауқар, т.б. қалалар, Каспий мен Арал т-дері, Итил (Еділ) және Сырдария өзендері жөнінде айтылады. Шығарманың құрамдас бөлігі болып табылатын «Сурат әл-ард» («Жер келбеті») атты геогр. карталар тарихи нысандардың орналасқан жерлерін нақтылауға септігін тигізеді. Еңбекті М. де Гуе (1873) және Крамерс (1938–39) жарыққа шығарды.
Әбу-Л-Фадл Әл-Қарши, Ә Б У - Л - Ф А Д Л И Б Н М Ұ Х А М М Е Д Ә Л - Қ А Р Ш И
[edit](1230, Алмалық – ө.ж.б.) – ортаазиялық тарихшы, әдебиетші, саяхатшы. Ата-аналарының шыққан жері – Баласағұн қ. Ол Алмалықтың билеушісі Сунақ тегіннің ордасында аталық қызметін атқарды, кеңсені басқарды. Орта Азия мен Сырдария бойына әлденеше рет саяхат жасады, Баршынкент, Жент, т.б. Оңт. Қазақстанның қалаларын зерттеді. Ә.-л-Ф. әл-Қ-дың «Мұлхақат ас-Сурах» («ас-Сурахқа қосымшалар») атты жалғыз тарихи туындысы сақталған. Араб тілінде жазылған бұл шығарма моңғол шапқыншылығының қарсаңындағы және одан кейінгі кезеңдердегі Түркістан тарихы жөніндегі негізгі дерек көзі болып табылады. Еңбекте Қарахан, Хорезм және моңғолдар үстемдігі кезіндегі тарихи оқиғалар мен қайраткерлер, дінбасылары, ғалымдар, әдебиет пен өнер иелері, 13 ғ-да Алмалықты билеген түркілер әулеті туралы басқа авторлардың шығармаларында кездесе бермейтін нақты мағлұматтар келтірілген.
Әбу-Л-Хайр Фазлаллаһ Ибн Рузбехан, Ә Б У - Л - Х А Й Р Ф А З Л А Л Л А Һ И Б Н Р У З Б Е Х А Н Ә Л - Х У Н Д Ж И Ә Л - И С Ф А Х А Н И Ә Л - А М И Н И
[edit](шамамен 1457/58, Иран, Хунджа қ. – 1521/24) – тарихшы, әдебиетші. Әкесі Жамал әд-Дин Рузбехан ғұлама ғалым болған. Балалық шағы Шираз бен Исфаһанда өткен. Хиджаз бен Мысырда білім алған. Әзербайжандағы Сұлтан Якуб Аққойлы сарайында (1478–90), кейін Темір әулетінің өкілі Сұлтан Хұсайын мырзаның қол астында (1496–1506) қызмет еткен. 1504 ж. Кашанға Исмаил Сефеви әскері басып кіргенде, ол Иранды тастап, Мауераннахрдағы Мұхаммед Шайбани ханның сарайына келеді. Ә.-л-Х. Ф. ибн Р. «Михман наме-йи-Бұхара» («Бұхара мейманының жазбасы») аталатын еңбегімен танымал. Шығарма Мұхаммед Шайбани ханның 1508/09 ж. қазақтарға қарсы жорығына арналған. Мұнда 15–16 ғ-лардағы қазақтардың тұрмысы, шаруашылығы, этн. құрамы, Сырдария бойындағы қалалар, Орта Азия мен Қазақстанның экон. байланысы, Қазақ хандығы мен Шайбани әулеті билеушілерінің саяси қарым-қатынасы туралы құнды мәліметтер берілген.
Әбу Наср Әл-Фараби, Ә Б У Н А С Р М Ұ Х А М М А Д И Б Н Т А Р Х А Н И Б Н У З Л А Ғ Ә Л - Ф А Р А Б И
[edit](870, Отырар қ. – 950, Сирия, Шам) – қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Ә. Н. әл-Ф. – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экон-сы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Ә. Н. әл-Ф. Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл филос., логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, геогр., матем., мед., муз. салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің «Метафизика», «Категория», «Бірінші және екінші аналитика» сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің «Китаб әл-Масалик уә-л-Мамалик» атты еңбегінде және 13 ғ-да өмір сүрген ибн-Халликан өзінің «Уфиат әл-аиан фи әл-Заман» атты еңбегінде Ә. Н. әл-Ф-дің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12–16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Ә. Н. әл-Ф. дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орт. болған Фараб қ. бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Ә. Н. әл-Ф. араб тілді ғалым болып есептеле бастады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Ә. Н. әл-Ф. бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған – иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф – парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеол-ның ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған «қармат» елін талқандаған соң, Ә. Н. әл-Ф-мен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп «қажылық» жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Ә. Н. әл-Ф. іштей «қажылық» етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. «Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз» деп Саид-задалар Ә. Н. әл-Ф-дің қолын құрметпен қысады. Ә. Н. әл-Ф. ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птолемейдің «Альмагесіне» көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек «Альмагеске түсініктеме» деген атаумен белгілі. Астрон. және матем. тарихында үлкен маңызы болған Ә. Н. әл-Ф-дің бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригоном. сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Ә. Н. әл-Ф. синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригоном. кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Ә. Н. әл-Ф. осы айтылған тригоном. мағлұматтарға және басқа да қосымша матем. материалдарға сүйене отырып, «Алмагесте» қарастырылған астрономия және геогр. мәселелерін матем. жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. «Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы» геом. салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру, т.б. бар. Ә. Н. әл-Ф. адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5, т.б. яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның «Болжамдағы геометрияға кіріспе» атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Ә. Н. әл-Ф. көп өлшемді абстракц. геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Ә. Н. әл-Ф-дің трактатын матем. тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Ә. Н. әл-Ф. арифмет. саласында «Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе» деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логик. еңбектерінде матем. логиканың элементтері де кездеседі. Ә. Н. әл-Ф-дің матем. идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Физика саласындағы Ә. Н. әл-Ф-дің көрнекті еңбегі «Вакуум туралы» деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логик. қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Ә. Н. әл-Ф. бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.). Ә. Н. әл-Ф. хим., мед., геогр., минерал., т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша да шығармалар жазған: «Алхимия өнерінің қажеттігі туралы» атты трактатында өз тұсындағы алхим. білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғыл. дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады. Ә. Н. әл-Ф. мед. саласында «Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат», «Жануарлар ағзалары», «Темперамент туралы» т.б. еңбектер жазған, онда негізінен мед-ның теор. мәселелерімен айналысып, мед. өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Ә. Н. әл-Ф-дің филос. және натурфилос. еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады. Жаратылыстану саласында жазған трактаттары да, бұл салаға қосқан жаңалықтары да қыруар. Физ. құбылыстарды талдайтын еңбегі оннан асады. Оның таразы туралы, механизмдер туралы, оптика мен бос кеңістік (вакуум) туралы көптеген құнды тұжырымдары әлемге әйгілі. Ол механикаға матем. мен геом. әдістерін жан-жақты пайдаланды, тәжірибені логик. терең ойлау нәтижелерімен ұштастырды. Астрономияда күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған. Сәуленің таралуын геом. оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геом. дәл әдістермен тапқан Ә.Н. әл-Ф-дің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғ-да ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И.Кеплер арабшадан аударып «фокус» атаған. Мұны Ә.Н. әл-Ф. сегіз ғасыр бұрын «күйдіру», «оттық орын» мәнінен шығарып «мұхарақ» атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын. Ә.Н. әл-Ф. ежелгі гректің ұлы астрономы Птолемейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теор. (матем.), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мыс., ол тарихта тұңғыш рет Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, «Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс» деп аталатын трактатында ғұлама ғыл. астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы, т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды. Ғұламаның ғыл.-филос. еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығы байқалады. Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы пед. жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Ә. Н. әл-Ф. әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. «Музыканың ұлы кітабы» ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физ.-матем. жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда муз. акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы, т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Музыканың тәжірибелік (эксперименттік) және теор. (математикалық) негіздерін жасап, физ.-матем. заңдылықтардың белгілі муз. аспаптарда қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Ә. Н. әл-Ф. ғыл. танымның жалпы (универсал) теор. үш шартын анықтап, соның негізінде муз. теориясын жаңадан қалыптастырды. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі негіздерін – принциптерін білу; екіншіден, осы принциптерден сол ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді шығара білу; үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылмаған ой-пікірлерді талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу. Музыканың матем. теориясын жасау жолында Ә. Н. әл-Ф. матем-ның көптеген түбегейлі мәселелерін қамтиды. Олар: қатынастар теориясы, комбинаторикалық талдау мәселелері, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика идеясы, т.б. Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір-бірінен айырмай, егіз өргізуге арнаған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 ж. ережеп (ражаб) айында, Шам шаһарында (Дамаск) қайтыс болғанда оны сол елдің әміршісі Сайф ад-Даула өз қолымен жерлеген. Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс-Сағир зиратында жатыр. Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: 1) орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус, т.б.); 2) жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л.Козегартен, Г.Зутер, Ф.Диетереци, К.Брокель, Дж.Сартон, М.Штейншнейдер, Д.С.Марголиус, т.б.); 3) 20 ғ. әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В.В.Бартольд, Е.Э.Бертельс, Б.Ғафуров, С.Н.Григорьян, В.П.Зубов, А.Сагадеев, Ю.Завадовский, түріктер А.Сайылы, Х.Үлкен, т.б.); 4) Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә.Х.Марғұлан, А.Машанов, О.Жәутіков, А.Қасымжанов, А.Көбесов, М.Бурабаев, Ә.Дербісәлі, І.Жарықбаев, Ш.Хайруллаев т.б.). Ә. Н. әл-Ф. мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғ-дың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары А.Машанов пен Қ.И.Сәтбаев еді. Ә. Н. әл-Ф-дің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықар. конференция өткізілді. Бұл күндері ҚР ҒА-ның Филос. және саясаттану ин-тында шығыс философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғыл. түсініктемелері мен алғы сөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық көрді. Бұл бөлім Ә. Н. әл-Ф-дің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеум. философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) Фарабитану орт. құрылған. Мұнда да Ә. Н. әл-Ф. мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде.
Әбуов Айдар Парқұлұлы
[edit](19. 7.1960 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Мақтаарал ауд.) – филос. ғыл. докт. (1997), проф., Жаратылыстану ғыл. академиясының акад. Шымкент пед. ин-тын бітірген (1982). Еңбек жолын Жетісай ауд-нда бастаған (1982). Сырдария пед. ин-тында оқытушы (1984), Мәскеу халық ш. ин-тында ізденуші-зерттеуші (1986), 1987–90 ж. Ташкент мемл. пед. ун-тінің аспиранты, 1991–99 ж. Халықар. қазақ-түрік ун-ті кәсіподақ к-тінің төрағасы, ун-ттің вице-президенті, кеңесші қызметтерін атқарды. 1999–2003 ж. филос. кафедрасының меңгерушісі, Түркология ин-тының директоры, халықар. қатынастар ф-тінің деканы. «Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави и его место в истории казахской философии» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 60-тан аса еңбектің, 4 оқулықтың авторы.
Әбусейітова Меруерт Қуатқызы
[edit](15.7.1951 ж.т., Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1997). ҚазМУ-ды (1974, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. КСРО ҒА-ның Шығыстану ин-тының аспирантурасында оқыған. 1981–88 ж. Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент, Душанбе, Қазан қ-ларында өткен археол. экспедиция жетекшісі болды. ҚР Білім және ғыл. мин-лігі Шығыстану ин-тының директоры қызметін атқарады. Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы халықар. көшпенділер өркениеті ин-ты басқармасының мүшесі. Бірқатар кітаптардың («Казахское ханство во второй половине 16 века», 1985; «Казахстан и Центральная Азия в ХVІ–ХVІІ вв. история, политика, дипломатия», 1998; «Писменные памятники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в 15–18 вв.» (биобиблиографические обзоры), 2001; «История и культура малочисленных народов Казахстана», 2001) авторы.
Әбуұлы Жұмағали
[edit](6.4.1945 ж.т.) – филол. ғыл. докт. (1998), проф. (1999). ҚР Білім беру ісінің еңбек сің. қызметкері (2004), ҚР-ның мәдениет қайраткері (2006). Қызылорда пед. ин-тының шет ел тілдері ф-тін (1970, қазіргі Қызылорда мемл. ун-ті) және Калифорния ун-тінің докторантурасын (1994) бітіргеннен кейін осы ин-тта оқытушы, кафедра меңгерушісі, шет ел тілдері ф-тінің деканы қызметтерін атқарды. Ә. Қазақстандағы тілдік саясат мәселелері бойынша шет ел ун-ттерінде дәріс берді. 1989 ж. Халықар. «Қазақ тілі» қоғамының шет елдермен байланыс жөніндегі вице-президенті болды. Ә. «ҚР-дағы тілдік саясат» тұжырымдамасының (1996), ҚР Парламенті қабылдаған «Тілдер туралы» заңының жобасын әзірлеушілердің бірі. Лингвистика бойынша ЮНЕСКО-ның үйлестіру к-тінің мүшесі (1999–2000). 2000 жылдан ҚР Білім және ғыл. мин-лігінің Қадағалау және бақылау к-тінің төрағасы. 100-ден аса ғыл. еңбектің авторы. Ж. «Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.
Әбушахманова Айгүл Хамитқызы
[edit](1951 ж.т.) – мед. ғыл. докт. (2003). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1975, қазіргі Қарағанды мемл. мед. академиясы) бітірген. 1976–91 ж. Қарағанды мемл. мед. ин-тында ассистент, ғыл. қызметкер, 1991–2003 ж. ҚР Денсаулық сақтау мин-лігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орт-ның аға ғыл. қызметкері болып жұмыс істеді. 2003 ж. Қарағанды мемл. мед. академиясында қалыпты физиол. кафедрасының доценті. 50 ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы.
Әбіқаев Нұртай
[edit](15.5.1947 ж.т., Алматы обл. Жамбыл ауд. Жамбыл а.) – мемл. қайраткері, инж.-механик, ген.-майор (1998), экон. ғыл. докт. (2000). Орал политех. ин-тын (1970), Алматы жоғары партия мектебін (1985) бітірген. Алматы ауыр машина жасау з-тында аға инж., инж.-конструктор (1972–76), Алматы қ-ндағы Әуезов ауд. партия к-тінде, Қазақстан КП ОК-нде, Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінде, Қазақстан Президенті аппаратында, ҚР ҰҚК төрағасы (1998–99), ҚР Сыртқы істер мин-лігінің 1-вице-министрі (2000–02), 2004 ж. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Ресей Федерациясында ел-ші (2007–08) болды. 2008 жылдан ҚР-ның Сыртқы істер министрінің 1-орынбасары, т.б. мемл. жауапты қызметтер атқарды. Ұлыбритания (1995–96), Швеция, Норвегия және Ирландиядағы (1996) ҚР-ның Төтенше және өкілетті елшісі болған. «Инвестиционный потенциал и оптимизация его использования в рыночной экономике» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «Парасат» (2001), Достық (Ресей) және т.б. ордендермен марапатталған.
Әбілғожин Жұлдызбек Бекмұхамедұлы
[edit](23.10.1951 ж.т., Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1991). ҚазПИ-дің тарих ф-тін (1976, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1978 жылдан Қазақстан ҒА-ның Тарих, археол және этнол. ин-тында ғыл. жұмыспен айналысты; 1992 жылдан осы ин-тта бас ғыл. қызметкер. «Традиционная структура Казахстана (1920–1930-е годы)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә. – Қазақстандағы 1931–33 ж. ашаршылық, күштеп ұжымдастыру, қазіргі кездегі агр. мәселелер жөнінде жаңа методол. тұрғыдан жазылған 100-ден астам ғыл. еңбектің авторы («Традиционная структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации», 1991; «Очерки социально-экономической истории Казахстана», А., 1997; т.б.).
Әбілев Жұмабай
[edit](1954, Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Бірлік а. – 2007, Жаңақорған ауд.) – филол. ғыл. докт. (2001). ҚазМУ-ды (1981, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Еңбек жолын Жаңақорған ауд. мәдениет бөлімінде бастап, «Жаңақорған тынысы» газетінде жауапты хатшы болды (1983–92). Жаңақорған ауд. «Қазақ тілі» қоғамын басқарды (1992–94). 1994 ж. Халықар. қазaқ-түрік ун-тінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ә-тің «Қазақ комедиясы» (2000), «Жазба комедиясының даму ерекшелігі» (2001), «Қ.Мұхамеджанов драматургиясы» (2004) атты монографиялары жарық көрген.
Әбілжанов Тоқтар
[edit](1945 ж.т., Қостанай обл. Амангелді ауд. Ағаштыкөл а.) – тех. ғыл. докт. (1996). Қазақ а. ш. ин-тын (1969, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақ а. ш. ин-тында оқытушы (1969–71), Қазақ А. ш-н механикаландыру және электрлендіру ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1971–73), аспирант (1973–76), инж., аға инж., аға ғыл. қызметкер (1976–80), Арқалық пед. ин-тында аға оқытушы (1980–82), аға, жетекші ғыл. қызметкер (1982–91), 1993 жылдан Қазақ а. ш-н механикаландыру және электрлендіру ғыл.-зерт. ин-тында лаборатория меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ә-тың 65-ке жуық ғыл. мақаласы жарық көрген.
Әбілқасымов Амангелді
[edit](1947 ж.т, Ақмола обл. Қорғалжын ауд. Қорғалжын а.) – мед. ғыл. докт. (1993). Алматы мемл. мед. ин-тын (1971, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) және аспирантурасын (1974) бітірген. Целиноград мед. ин-тында ассистент (1975–80), доцент, аға ғыл. қызметкер (1980–94), 1994 жылдан Ақмола мед. ин-тында (қазіргі Астана мемл. мед. академиясы) кафедра меңгерушісі. Ә. 80-ге жуық ғыл. мақаланың авторы.
Әбілқасымов Бабаш
[edit](2.11. 1931 ж.т., Атырау обл. Исатай ауд.) – филол. ғыл. докт. (1983), проф. (1994). Орал пед. ин-тын бітірген (1953). 1953–61 ж. Атырау пед. ин-тында проректор, 1964 жылдан Қазақстан ҒА-ның Тіл білімі ин-тында ғалым-хатшы, аға ғыл. қызметкер, 1987 ж. директордың орынбасары, 1991 жылдан бөлім меңгерушісі. Ғыл.-зерт. еңбектері негізінен қазақ әдеби тілі тарихының мәселелеріне арналған.
Әбілов Жарылқасын Әбдуахатұлы
[edit](21.8.1948 ж.т., қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Ленгер қ.) – хим. ғыл. докт. (1993). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы ун-тте аға лаборант, аға инж. (1971– 74), ассистент, аға оқытушы, доцент, проф. (1974–96), кафедра меңгерушісі (1996–2001), декан (2000–2009; 2009 жылдан) қызметтерін атқарады. «Поликомплексы синтетических полиэлектролитов» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның жетекшілігімен жантақ пен кермек секілді өсімдік түрінен отандық «Алхидин» және «Лимонидин» препараттары жасалды. Ә. 350-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монография мен 12 оқу-әдістемелік құралдарының авторы, 44 патенті бар.
Әбішев Әли Әжімұлы
[edit](11.9.1962 ж.т.) – экон. ғыл. докт. (2000). ҚазМУ-ды (1986, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Гурьев пед. ин-тында (қазіргі Атырау мемл. ун-ті) оқытушы, аға оқытушы (1986–89) қызметтерін атқарды. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемл. ун-тінің аспиранты (1989), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) аға оқытушы, 1-проректор (1993–2005) қызметтерінде болды. 2005 жылдан Қазақ экон. ун-тінің ректоры. Ә-тің 100-ден аса ғыл. еңбегі жарық көрді.
Әбішев Бақыт Хамитұлы
[edit](1960 ж.т., Ресей, Приморье өлкесі, Краскино қ.) – мед. ғыл. докт. (1997). Алматы мемл. мед. ин-тын (1983, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Алматы обл. клиник. (1983–84) және Респ. орт. (1984–87) ауруханасында дәрігер-хирург, Қазақ ғыл.-зерт. ин-тында ғыл. (1987–91), Урология ғыл. орт-нда жетекші (1991–96) ғыл. қызметкер, 1997 жылдан бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Ә. 60-қа жуық ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы.
Әбішев Ғазиз
[edit](1916, Қостанай обл. Амангелді ауд. – 1982) – тарих ғыл. докт. (1959), проф., Қазақ КСР-і Жоғары партия мектебінің еңбек сің. қызметкері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Журналистика ин-тын бітірген (1938, Алматы қ.). Қазақ мемл. баспасында редактор, Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы ин-тында аға ғыл. қызметкер, Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында кафедра меңгерушісі (1949–82) болды. Ә-тің 100-ден аса ғыл. еңбегі мен 20-ға жуық жинағы, бірнеше монографиясы жарық көрген. Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Әбішев Жантөре Нұрланұлы
[edit](18.3.1936, Қарағанды обл. Осакаровка ауд. Тельман а. – 1999) – тех. ғыл. докт. (1983), проф. (1987), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1983), Қазақстанның еңбек сің. өнертапқышы (1994). Қазақ тау-кен металлургия ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген (1957). 1959–83 ж. Қазақстан ҒА-ның Хим.-металлургия ин-тында кіші ғыл. қызметкер, аспирант, инж., ғыл. хатшы, директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры болды. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының Минералды шикізаттарды кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орт-ның бас директоры. Негізгі ғыл. еңбектері түсті және сирек кездесетін металдар металлургиясын зерттеуге арналған. Ә. құрамында пирит бар полиметалл шикізатын термомагниттік жолмен байыту, сульфид концентраттарын автоклавта кремнийден арылту технологиясын жасап, тотыққан минералдарды гидротермдік жолмен сульфидтеу әдістерін ұсынды. 50-дей авторлық куәлік, патенттер алған.
Әбiшев Қажымұрат
[edit](15.12. 1931 ж.т., Қызылорда обл. Сырдария ауд. 1 Май а.) – филос. ғыл. докт. (1985), проф. (1987). Қызылорда пед. ин-тын (1951, қазіргі Қызылорда мемл. ун-тiн) бiтiрген. Қызылорда қ-ндағы мектепте мұғалiм (1951–52), ҚазҰУ-дың аспиранты (1952–55), Атырау қ-лық партия к-тiнде лектор (1955–56), Қызылорда обл. атқару к-тiнде нұсқаушы (1956–59), Атырау, Қызылорда пед. ин-ттарында оқытушы (1959–71), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы (1971–74), ҚР Білім және ғыл. мин-лігінде аға ғыл. қызметкер (1974–83), 1983 жылдан ҚР Білім және ғыл. мин-лігінің Филос. және саясаттану ин-тында бөлiм меңгерушiсi. Ғыл. еңбектерiнiң бағыты – диалектик. логика тақырыбына арналған. 180-нен астам ғыл.-әдiстемелiк еңбектiң авторы.
Әбішева Алтын Байдерқызы
[edit](1947 ж.т., Ақмола обл. Еңбекшілдер ауд. Бұланды а.) – мед. ғыл. докт. (1993), проф. (1993). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1971, қазіргі Қарағанды мемл. мед. академиясы) және Мәскеу қ-ндағы КСРО Денсаулық сақтау мин-лігі Орт. дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының аспирантурасын (1976) бітірген. 1973 ж. Қарағанды мемл. мед. ин-тында стажер-зерттеуші, ассистент, доцент (1976–91), аға ғыл. қызметкер (1991–93), проф. (1993–95) қызметтерін атқарды. 1995 жылдан хирургия кафедрасының проф. 80-нен астам ғыл. еңбек пен 2 монографияның авторы.
Әбішева Әлия Қажымұратқызы
[edit](13.6.1963 ж.т., Алматы қ.) – филос. ғыл. докт. (2005), проф. (2007). ҚазМУ-дың (1985, қазіргі ҚазҰУ) биол. ф-тін және аспирантурасын (1995) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Молек. биол. ин-тында (1985–87), ҚазПИ-де (1987–2006, қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, аға оқытушы, ал 2007 жылдан осы ун-ттің проф-ы қызметін атқарады. «Психоанализдің антропологиялық концепциясы және философиядағы құндылық мәнінің проблемасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – мәдениет философиясы, филос. антропология, дінтану, ғыл. тарихы мен философиясы. Ә. 44 ғыл. еңбектің авторы.
Әбішева Зейнеш Садырқызы
[edit](1947 ж.т., Қызылорда обл. Сырдария ауд. Тереңөзек кенті) – тех. ғыл. докт. (1996), проф. (1997). Мәскеу Талшықты хим.-технол. ин-тын (1971) және аспирантурасын (1974) бітірген. 1974–87 ж. Қазақстан ҒА-ның Металлургия және кен байыту ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, лаборатория меңгерушісі (1987–96) болды. 1996 жылдан гидрометаллургия бөлімінің меңгерушісі. 240-тан астам ғыл. еңбектің, 2 монографияның авторы.
Әбішева Сәуле Жүнісқызы
[edit](27.3.1955 ж.т., Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (2003), проф. (2005). ҚазПИ-ді (1976, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1987) бітірген. Алматы қ-ндағы орта мектепте мұғалім (1976–83), 1987 жылдан ҚазПИ-де оқытушы, диссертациялық кеңестің ғалым-хатшысы (1993–98, 2002–05), ал 2006 жылдан осы ун-тте кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. «Табиғат әлемінің» поэтикалық жүйесі: құрылымы мен семантикасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі бағыты – 20 ғ-дағы қазақ және орыс поэзиясын қарастыру, өлеңтану, поэтикалық мәтін жүйелілігінің теориялық мәселелері. Ә. 130 ғыл. жұмыстың, оның ішінде 1 монография («Табиғат әлемінің» поэтикалық жүйесі: құрылымы мен семантикасы», 2002), оқу құралы («Табиғаттану жүйелері эстетикасы», 2004), т.б. еңбектердің авторы.
Әгелменов Мақсұт Елтайұлы
[edit](1958 ж.т.) – хим. ғыл. докт. (2004), проф. (2004). Қарағанды мемл. ун-тін бітірген (1980). 1980–83 ж. осы ун-тте оқытушы, 1983–85 ж. КСРО ҒА-ның Физ. ин-тының люминисценция лабораториясында стажер-зерттеуші, 1988 жылдан ҚР ҒА-ның Органик. синтез және көмір химиясы ин-тында инж., аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 60 ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы.
Әдебиет Және Өнер Институты, М. О. Ә У Е З О В А Т Ы Н Д. – Қазақстан Республикасы Білім Және Ғыл. Мин-Лігінің Ғыл.-Зерт. Мекемесі. 1933 Ж. 11 Қара
[edit](1946 жылдан Қазақстан ҒА-ның құрамында) болып жұмыс істеді. 1961 ж. 6 мамырда Ә. ж. ө. и. болып құрылып, сол жылғы маусымда М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 ж. ин-т құрамында ғыл. бөлім ретінде Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. 1996 ж. бұл мұражай ин-ттан жеке бөлініп шығып, «Әуезов үйі» ғыл.-мәдени орт. ретінде жұмыс істеді. Ұлы жазушы мұрасын зерттейтiн ғыл. бөлiм қызметкерлерi Әуезовтiң 50-томдық академиялық шығармалар жинағын дайындау үстiнде. 1997 жылдан бұл басылымның 35 томы жарық көрдi. 36–40 томы баспаға тапсырылды (2009). Ин-тта 5 сектор: Әдебиет тарихы, Қазіргі әдебиет (тәуелсіздік дәуірі) және әлем әдебиеті, Фольклор және қолжазба, Әуезовтану, Өнертану секторлары бар. Ин-тта жақын және алыс шет елдерге танымал болған белгілі ғалымдар жұмыс істейді. 2001 жылдан ин-т директоры – акад. С.А.Қасқабасов. Ин-тта «Мәдени мұра» мемл. бағдарламасы аясында «Фольклортану, әдебиеттану және өнертану» секциясында 2004 жылдан бері: «Бабалар сөзі» сериясы (100 томдық); «Қазақ әдебиетінің тарихы» (10 томдық); «Әдеби жәдігерлер» (20 томдық); «Қазақ музыкасының антологиясы» (7 томдық); «Қазақ өнерінің тарихы» (3 томдық); «Мировая фольклористика» (3 томдық); «Мировое литературоведение» (3 томдық) атты ірі жобалар бойынша жұмыстар жасалды. «Бабалар сөзі» сериясының 100 томдығын орындау қазақ фольклорын қалың оқырман қауыммен түпнұсқа күйінде қауыштыруды мақсат етеді. Күні бүгінге дейін 52 томы жарық көрді (2009). Ин-тта қолжазба және текстология бөлімдері мен Орталық ғыл. кiтапхана қорларында сақталған фольклорлық және муз. мұраларды электрондық нұсқаларға көшiру жұмысы iске асырылуда. Ин-ттың әдебиеттану, фольклортану және өнертану салаларындағы диссертациялық кеңестерi фольклор, қазақ әдебиетi мен Қазақстан халықтары әдебиетi, алыс және жақын шетел әдебиетi, музыка, театр және бейнелеу өнерi мамандықтары бойынша Қазақстан ғана емес, Орт. Азия елдерi, Кавказ бен Едiл бойы, Сiбiр мен Саха-Якутия үшiн де көптеген маман даярлады. Ин-т ТМД елдерімен, Қытай, Моңғолия, Түркия, Пәкстанмен ғыл. байланыстар орнатқан. Ин-тта әдебиеттану, фольклортану және өнертану салалары бойынша ғыл. кадрлар дайындайтын докторантура мен аспирантура жұмыс iстейдi.
Әдебиеттану – Көркем Әдебиет Мәселелерін Зерттейтін Ғылым. Сөз Өнерінің Түп Төркінін, Тегін, Туу, Қалыптасу Тарихын, Даму Заңдылықтарын
[edit](б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның «сәбилік» философиясы арқылы Аристотель (б.з.б. 384–322 ж.) «поэтикасына» келіп ұласады. Ал «поэтика» – күллі көркемөнер туралы тұңғыш филос.-эстет. трактат қана емес, өз кезіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе, характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия, т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айрықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында – ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фарабидің (870–950) әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі адам таңқалғандай ғажайып құбылыс. Оның «Музыканың ұлы кітабы», «Поэзия канондары», т.б. зерттеулері бүкіл дүниежүз. эстетикаға қосылған айтулы үлес. әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында Аристотельдің «Поэтикасын» талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра оны егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды; поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма, т.б. тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді. Мыс., «Комедия – деп түсіндіреді ол, – арнаулы өлшемі бар поэтик. жанр. Комедияда әр алуан әрсіз әрекеттер баяндалады, келеңсіз адамдар, олардың кесірлі қылықтары мен оғаш мінездері сықақ етіледі» (әл-Фараби, «Логикалық трактаттар», А., 1975, 535-бет). Бұл кәдімгідей қалыптасқан, көп ретте дәл және тұрлаулы теор. тұжырым. Батыс Еуропадағы әдеби-эстет. ілімнің әбден жетіліп, ғылым мен өнердің дүр сілкінген, дүрілдей дамыған тұсы – қайта өркендеу (ренессанс) дәуірі екенін Италия суретшісі Леонардо да Винчи, француз философы Р.Декарт, эстетигі Н.Буало, ағартушысы Д.Дидро еңбектерінен көріп-білуге болады. Бұлардың қай-қайсысы болсын, шын ғылым, шыншыл өнер жолында ортағасырлық схоластикаға қарсы нағыз алыптарша алысқан өнерлілер мен білімділер. Осыдан былай қарай неміс ағартушылары Г.Лессинг пен И.Гердер әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең алаңға – қалың бұқара арасына алып шықты. Ә-дың ендігі дамуы И.Канттың эстетикасына, одан әрі дүниенің түп діңгегі – абс. идея, абс. рух деп білген Гегельдің атышулы тридасына барып тіреледі. Ресейдегі эстет. байыптаулардың басын сөз өнерін зерттеушілер сонау 10 ғ-дағы библиогр. жазбалардан іздеп, кейінгі риторикалар мен пинтикаларға көшіп жүр. Бірақ біз бұл жерде бұл мәселені мұншалық егжей-тегжейлі тексеріп жатпай-ақ, әдебиет пен өнерді шын мәніндегі сипаты тұрғысынан уағыздап, сыншыл реализмнің эстет. принциптерін теор. жағынан айта қалғандай жарқырата ашқан орыс демократтары Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың, Д.Н.Писаревтің есімдерін атауға болады. Өйткені олардың эстет. ой-пікірлері тек орыс қоғамында ғана емес, бүкіл дүниежүз. парасат әлеміндегі бір биік болып табылады. Қазақ топырағындағы төлтума қоғамдық ой, оның ішінде эстет. пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың, атақты ағартушысы Ы.Алтынсариннің, ұлы ақыны Абайдың алатын орындары айрықша. «Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан» (Веселовский) Уәлихановтың сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектерін ауыз әдебиетін жинау және жинаған нұсқаларын өзінше парықтау деп екі салаға бөлуге болады. Бұл ретте, Шоқанның өзі «дала Илиадасы» деп бағалаған әйгілі қырғыз эпосы «Манастың» бір тарауын тұңғыш жазып алуы, өз халқының ұлан-ғайыр өлең-жырларын ел аузынан іздептауып, талдап-тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келе қазақ поэзиясы – саф таза сұлу поэзия, тұнық, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі соншалық байсалды, парасатты, ғылым тұрғысынан әбден піскен, кәмелетті пікір. Нәтижесінде оның поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың көркем тарихы, халық тағдырының сырлы шежіресі ретінде пайымдап, сол арқылы сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгілеуі, сондай-ақ қазақ өлеңін бес түрге бөліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме әрі сипаттама беруі – әдебиет теориясына қатысты толғамдар. Қазақтың болашақ Ә-ының алғашқы кірпішін Уәлиханов осылай қалаған еді. Ал Алтынсариннің әдебиет туралы ғылымға қосқан үлесі жұртқа мәлім ағартушылық еңбектерімен сабақтас. Осы бағытта ол қазақтың әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ақындардың ақыны Абай өзінің эстет. көзқарасын жүйелейтін ғыл. трактат жазып қалдырған зерттеуші де, сыншы да емес. Десе де нағыз реалистік поэзияның үлгісін көрсеткен шыншыл ақынның, ғасырлар бойғы қазақ өлеңінің игі дәстүрін тың өріске, соны сатыға көтерген жаңашыл ақынның тамаша шығарм. принциптері, сөз өнері хақындағы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларының өн бойында желі тартып жатыр. Сонымен сайып келгенде, қазақ топырағындағы әр тұста, әр сипатта көрініс тапқан қоғамдық-эстет. ой-пікірлердің шын мәніндегі жүйелі әдеби ғылымға айналуы – Абайға дейін емес, Абайдан кейін болған процесс. 1905 ж. Ә.Бөкейханов жазып, жариялаған «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» деген азанама – Абайтанудың басы. Байтұрсыновтың 1913 жылғы «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы соның жалғасы. Осылай туып, дамыған қазақтың әдебиет туралы ғылымының бүгінде барлық саласы түгел тұтас: Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышынан» бастау алып, Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясына» жалғасқан, одан З.Қабдоловтың «Сөз өнеріне» (әдебиет теориясының негіздеріне) келіп ұласқан қисын саласы; М.О.Әуезовтің «Әдебиет тарихынан» басталып, С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиетінен», С.Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінен» әрі қарай өрбіп, Ә.Х.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, Т.Нұртазин, М.Ғабдуллин, Х.Ж.Сүйіншәлиев, М.С.Сильченко, Р.Бердібаев, М.Базарбаев, З.Ахметов, С.Қирабаев, Х.Әдібаев, Ш.Қ.Сәтбаева, Н.Ғабдуллин, С.А.Қасқабасов, Р.Нұрғалиевтің, т.б. оқулықтары мен монографиялары – әдебиет тарихы; Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы» секілді үздік үлгісі бар әдеби сын Е.С.Ысмайыловтың, М.Қ.Қаратаевтың, А.Нұрқатовтың, Т.Кәкішевтің, Ш.Р.Елеукеновтың, З.Серікқалиевтің, т.б. сын-зерттеулеріне дейін өрістеді. Бұлардың соңынан жедел жетіліп келе жатқан жас ғалымдар мен сыншылар қазақ әдебиеттануын одан әрі дамытуда.
Әдебиет Шежіресі – Әдебиеттанудың Бір Саласы, Деректану Ғылымының Құрамдас Бөлігі. Әдеби Ортадағы, Әдебиет Тарихындағы Үлкенді-Кішілі
[edit](Вопросы казахской советской литературы, т. 2, А.-А., 1960). Ол қазақ әдебиетінің тарихына арналған ғыл. кітаптарға өз алдына жеке тарау ретінде енді (Очерки истории казахской советской литературы, М., 1960, стр. 601–659; Қазақ әдебиетінің тарихы, 3-т., 1-кіт., А., 1967, 554–642-б.; Қазақ әдебиетінің тарихы, 3-т., 2-кіт., А., 1967, 578–662-б.; История казахской литературы, т. 3, А.-А., 1971, стр. 668–751; 40–50 және 60-жылдардағы қазақ әдебиеті, А., 1968, 330–398-б.). «Қазақстан жазушылар одағына 60 жыл» (1964), жазушы М.О.Әуезовтің туған күнінен бастап қайтыс болғанға дейінгі аралықтағы (1897–1961) кезеңге байланысты Әдебиет шежірелері жеке-жеке кітап болып басылды (1997).
Әдебиет Энциклопедиялары – Ақын-Жазушылар, Әдебиеттанушы Ғалымдар, Сыншы-Зерттеушілер Туралы Библиогр. Очерктер Мен Әдебиет Тарихы, Те
[edit](1–2 т., М., 1980–82), «Әлем әдебиеті мен өнерінің үлкен сөздігі» (Сеул, Корея, 1962), «Әлем әдебиетінің энциклопедиясы» (Токио, Жапония, 1973), т.б. Ә. э. Қазақстанда 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап жарық көре бастады. Негізінен олар анықтама түрінде болды. Олар: «Қазақстан жазушылары. 1917–1967» (құраст.: Н.Греховодов, В.Данилюк, П.Косенко, А., 1969), «Қазақстан жазушылары: Анықтама» (құраст. М.Әуезов, К.Жорабеков, Р.Жанғожин, А., 1982), «Советтік Қазақстан жазушылары» (Биобиблиогр. анықтамалық». Құраст. С.Ахметов, Д.Еркішев. А., 1987), т.б. 1995 ж. А.Құнанбаевқа арналған тұңғыш ғұмырнамалық «Абай» энциклопедиясы, 2001 ж. «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы жарық көрді. ӘДУОВ Мүбәрак (1950 ж.т.) – тех. ғыл. докт. (2008). Целиноград а. ш. ин-тын (1975, қазіргі Қазақ мемл. агротех. ун-ті) бітірген. Еңбек жолын Павлодар обл-на қарасты Шідерті а-нда инж.-контролер болып бастады (1976). Қазақ мемл. агротех. ун-тінде ассистент, аға оқытушы, доцент, қызметтерін атқарды (1977). Қазіргі күндері осы ун-тте кафедра меңгерушісі. Ол 1 оқулықтың және 4 оқу құралының авторы. Ә-тің ТМД елдері мен Ресей, Қазақстанда 97-ден астам ғыл. мақаласы жарық көрген. 2006 ж. ҚР Білім және ғыл. мин-лігінің «ЖОО-дағы ең үздік оқытушы» грантын иеленді. Ә. Германия, Түркия және Украина мемлекеттеріндегі халықар. семинарларға қатысты. Қазақ мемл. агротех. ун-тінің ғыл. кеңесінің мүшесі.
Әдібаев Орынғали Әдібайұлы
[edit](1940 ж.т., қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а. – 30.9.2006, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1984), проф. (1987). Семей мемл. мед. ин-тын (1963) бітірген. Жамбыл және Семей облыстарында дәрігер (1963–68), Семей мемл. мед. ин-тында аспирант, ассистент, доцент (1968–79), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау мин-лігінің Кардиология ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі (1979–85), Қазақ КСР-інің Денсаулық сақтау мин-лігінің терапевті (1985–88), қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-тінде проф., кафедра меңгерушісі (1986–2006) қызметтерін атқарды. 102-ден астам ғыл. еңбек пен 2 монографияның авторы.
Әдібаев Хасен
[edit](26.8.1924 ж.т., қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд. Қосағаш а.) – филол. ғыл. докт. (1970), проф. (1973), Қазақстанның еңбек сің. қызметкері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. ҚазМУ-дың филос.-экон. ф-тін (1955, қазіргі ҚазҰУ) және ҚазПИ-дің (1959, қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын бітірген. 1959 жылдан ҚазПИ-де ұстаздық еткен, кафедра меңгерушісі (1978–82, 1991–2001). «Ғ.Мүсірепов шеберлігі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ғыл. жұмысының бағыты – қазақ әдебиетінің даму барысы, жазушы шеберлігі, жанрлар түрі мәселесін зерттеу. «Уақыт және суреткер» (1967), «Талант, талғам, тағдыр» (1971), «Көкжиек» (1978) атты сын-зерттеу кітаптары қазақ әдебиетінің келелі мәселелері: әдеби шеберлік пен жанрлар типологиясына, көрнекті қаламгерлердің (М.О.Әуезов, Ғ.М.Мүсірепов, Х.Есенжанов, әдебиеттанушы Қ.Жұмалиев) шығарм-тарын саралауға арналған. Орыс мектептеріне, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтардың авторы. 2-дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Әдікенов Серғазы Мыңжасарұлы
[edit](15.8.1956 ж.т., Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Егіндібұлақ а.) – хим. ғыл. докт. (1992), проф. (1993), Қазақстан ҒА-ның акад. (2003). Қарағанды мемл. ун-тін бітірген (1978). 1978–83 ж. Қарағанды хим.-металлургия ин-тының аға лаборанты, инж., кіші ғыл. қызметкері, 1983–95 ж. Қарағанды органик. синтез және көмір химиясы ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, лаборатория меңгерушісі болды. 1995 жылдан Қазақстан ҒА-ның Қарағанды қ-ндағы Фитохимия ин-тының директоры. Негізгі ғыл. еңбектері сесквитерпенді лактондарды экол. таза заттар ретінде зерттеуге арналған. Биол. активті қосылыстарды зерттеу нәтижесінде Ә. қатерлі ісікке қарсы қолданылатын «Арглабин», гепатопротекторлық және антиоксиданттық қасиеті бар «Салсоколлин», қабыну процесіне қарсы қолданылатын «Калиор», антисептиктік және фунгицидті қасиеті бар «Цепсеудин» сияқты жаңа дәрілік препараттар тапқан. Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен Фитохимия ин-ты жанында фитопрепараттар шығаратын цех құрылды.
Әділов Жексенбек Мәкейұлы
[edit](25.11.1949 ж.т., Алматы қ.) – инж.-құрылысшы, экон. ғыл. докт. (1998). Қазақ политех. ин-тын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) және Мәскеу құрылыс-инж. ин-тының аспирантурасын (1977) бітірген. Алматы сәулет-құрылыс ин-тында (қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы) ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1980–2000), ҚР Білім және ғыл. мин-лігінде департамент директоры (2001–04), 2004 жылдан Семей мемл. ун-тінің ректоры қызметтерін атқарады. «Управление устойчивым экономическим развитием производства (на примере производственной базы строительства)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә. 70-тен астам ғыл.-әдістемелік еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы.
Әділов Қайыржан Нәукебайұлы
[edit](24.5.1936 ж.т., Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Пушкин а.) – тех. ғыл. докт. (1980), проф. (1982), Қазақстан ҒА-ның акад. (2003). Қарағанды политех. ин-тын (1958, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) бітірген. 1958–61 ж. Қарағанды көмір комб-тында кен шебері, Қарағанды көмір-хим. ғыл.-зерт. ин-тында ғыл. қызметкер (1961–65), Мәскеу тау-кен ин-тының аспиранты (1965–68), 1968–83 және 1986–87 ж. Қарағанды политех. ин-тында оқытушы, доцент, проф. болды. 1983–86 ж. Кабул политех. ин-тында (Ауғанстан) дәріс берді. 1987–94 ж. Қазақ ұлттық тех. ун-тінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылдан Қарағанды Жер қойнауын кешенді игеру ин-тының лаборатория меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектері көмір кендерінің өндірістік технологиясын жетілдіруге арналған. Ә. жер астынан кен өндірудің ағынды технологиясын жобалау теориясын жасады, кен өндіру процестері мен жүйелерінің беріктігін және қарқындылығын зерттеді, шахталар мен кеніштерді күкіртті газдардан арылту технологиясының физ.-хим. өлшемдерін анықтады, жер асты кен жұмыстарының экол. қауіпсіздігін негіздеді. Ә. 10 монографияның авторы.
Әдіс, М Е Т О Д
[edit](грек. methodes – «бір нәрсеге жетудің жолы») – көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Ә. философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады. Ғыл. негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғыл. ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да Ә-тері жасалып, қалыптасты. Нақты ғылым түрлерінің арнайы Ә-тері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Философияның өзге нақты ғылымдардан айырмашылығы – мұнда танымның жалпыға ортақ Ә-і жасалады. Бүкіл танымдық Ә. негізінде болмыстық объективті заңдылықтары жатады. Диалект. Ә-тің объективті негізін материалдық әлем дамуының неғұрлым жалпылама заңдылықтары құрайды. Бұл Ә. өзге ғылым Ә-терін алмастырмайды, тек олардың жалпы филос. негізі болып табылады және барлық салалардағы таным құралы ретінде қызмет атқарады. Ғыл. Ә-тің негізгі мақсаттары – объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, Ә. те ақиқат болуы қажет. Ғыл. теория мен Ә. өте тығыз байланыста. Дұрыс құрылған теория – жаңа құбылыстарды танудың Ә-і. Әрбір ғылымның өзіндік пәндері, соған сәйкес өзіне тән Ә-і болады. Осыған орай, ғылымда Ә-терді топтастыру (классификациялау) мәселесі пайда болады. Әр түрлі теор. жүйелерді (ұғымдар мен заңдарды) топтастыру негізінде Ә-ті екі үлкен топқа бөлуге болады: филос. Ә. және жеке ғылымдар Ә-і. Филос. Ә. барлық ғылымда қолданылумен қатар, адам ойының ақиқатқа қарай жылжу заңдылығын ашады. Филос. Ә. өзге ғылымдардың Ә-терін, олардың жетістіктерін қорыту нәтижесінде пайда болып, үнемі жетілу, ұшталу үстінде болады. Белгілі бір ғылым саласында филос. Ә-ті дұрыс қолдана білмеу көптеген методик. қателерге соқтырады. Ә. – дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын тәжірибеде және теория жүзінде игеруге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы ретінде сипатталады.
Әдістеме – Педагогика Ғылымының Жеке Пәндерден Берілетін Білім Көлемі Мен Мазмұнын Негіздеп, Оны Оқытудың Тиімді Әдістерін Зерттейтін
[edit](бастауыш сыныптар, орта мектеп, жоғары оқу орындары, т.б.) Ә-лері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады. Ә. ғылымы тек тәрбие туралы ілім – дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология, т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғыл. талдаудан өткізіп отырады.
Әженов Матиполла Салахаденұлы
[edit](15.11.1932 ж.т., Атырау обл. қазіргі Исатай ауд.) – филос. ғыл. докт. (1974), проф. (1976). ҚазМУ-ды (1955, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1955–60 ж. Атырау пед. ин-тының (қазіргі Атырау мемл. ун-ті) оқытушысы, 1963–78 ж. Астрахан, Атырау пед. ин-ттарының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, 1978–83 ж. ҚазМУ-дың жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін жетілдіру ин-тында кафедра меңгерушісі, 1983–85 ж. ҚазМУ-дың филос.-экон. ф-тінің деканы, 1985 жылдан осы ун-ттің проректоры. Негізгі ғыл.-зерт. саласы – қоғамның әлеум. құрылымы. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Әжіғали Серік Ескендірұлы
[edit](17.12.1952 ж.т., Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1997). ҚазМУ-ды (1975, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1975–81 ж. «Қазжобақалпынакелтіру» ғыл. бірлестігінде сектор меңгерушісі, 1982–85 ж. Респ. кітап музейінде және 1985 жылдан ҚР ҒА-ның Тарих, археол. және этнол. ин-тының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. Ә. – Арал-Каспий өңірінің тарихы мен мәдениетін зерттеуші маман. «Арал-Каспий көшпенділерінің кесене сәулет өнерінің дамуы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады.
Әжіғалиев Нариман
[edit](1933 ж.т., Ақтөбе обл. Ойыл ауд. №19-а.) – мед. ғыл. докт. (1973), проф. (1993). Алматы мемл. мед. ин-тын (1955, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) және аспирантурасын (1964) бітірген. 1955–60 ж. Атырау обл. Есбол ауд-нда бас дәрігер, 1960–62 ж. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау мин-лігі респ. санитарлық ағарту үйінің бас дәрігері, 1964–65 ж. кіші ғыл. қызметкер, 1965–91 ж. жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі, 1969–74 ж. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау мин-лігінің бас радиологы қызметтерін атқарды. 1991 жылдан ҚР Денсаулық сақтау мин-лігінің Онкология және радиология ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі болды. 230-дан астам ғыл. еңбектің, соның ішінде 3 монографияның («Применение бетатрона в онкологии», 1977; «Лучевое и химиолучевое лечение рака пищевода», 1988; «Опухоли кожи», 1991) авторы.
Әзербаев Есет Роватұлы
[edit](14. 1.1942 ж.т., Башқортостан, Федоров ауд. Раевка с.) – экон. ғыл. докт. (2000), ҚР Жаратылыстану ғыл. академиясының корр. мүшесі (1987), КСРО Газ өнеркәсібі мин-лігінің үздігі (1987). 1964 ж. Уфа мұнай ин-тын бітірген соң «Бұқара–Орал» газ құбыры тас жолындағы Домбаров компрессор ст-нда (1965–68) жұмыс істеген. 1968–74 ж. «Орта Азия-Орталық» магистральды газ құбыры Мақат ауд. басқармасында жауапты қызметтер атқарды. 1974–81 ж. салынып жатқан «Орынбор–Батыс шекара» газ құбыры Орал дирекциясында «Закаспийсктрансгаз» өндірістік бірлестігінде, 1981–87 ж. «Саратовтрансгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры, 1987–89 ж. арнайы іссапармен Ливияда жұмыс істеді. 1989–97 ж. «Югтрансгаз» (Саратов) бірлесгігі бас директорының орынбасары, Орал обл. атқару к-ті төрағасының орынбасары, «Батыстрансгаз» АҚ-ның президенті болды. 1997 жылдан «Батысгаз» АҚ-ның президенті. Еңбек Қызыл Ту (1974), Халықтар достығы (1986) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Әзібаева Бақытжан Уәлиқызы
[edit](1.1.1945 ж.т., бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қ.) – филол. ғыл. докт. (1999). Ташкент мемл. ун-тін бітірген (1968). 1968–73 ж. Әдебиет және өнер ин-тында аға лаборант, 1973–86 ж. кіші ғыл. қызметкер, 1986–93 ж. ғыл. қызметкер болып жұмыс істеген. 1993 жылдан аға ғыл. қызметкер. 1998 ж. «Қазақтың дастандық эпосы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады.
Әзімжанова Гүлсім Мағзұмқызы
[edit](20.6.1948 ж.т., қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Кеңтармақ а.) – филол. ғыл. докт. (2007). Алматы пед. шет тілдер ин-тының неміс тілі ф-тін (1972, қазіргі Қазақ халықар. қатынастар және әлем тілдері ун-ті) бітірген соң осында оқытушы, аға оқытушы, доцент (1972–2000), ал 2000 жылдан ҚР Ұлттық қауіпсіздік академиясында доцент, проф. қызметтерін атқарады. «Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә. стилистика мен лингвистика салалары бойынша 60-қа жуық ғыл. жарияланымның, оның ішінде монография («Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті», 2006) мен әдістемелік-оқу құралдарының («Повтор глагольных форм как стилистическая категория в художественной прозе казахского языка», 1994; «Қазақша сөйлесе білейік», 1998; «Етістік – көріктеу құралы», 1999) авторы.
Әзірбаев Ерден Нығметұлы
[edit](12.7.1912, Батыс Қазақстан обл. Жәнібек ауд. Сайқын ст. – 14. 1.1975, Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1961), проф (1962), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962), Казақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1969). Саратов ун-тін (1933), Ленинград ун-тінің аспирантурасын (1937–40) бітірген. 1933–34 ж. Саратов крекинг з-тында, 1934–35 ж. Орал пед. ин-тында жұмыс істеп, осында хим. кафедрасын ұйымдастырды. 1935 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1940–54), 1954–58 және 1964–75 ж. Хим. ғылымдары ин-тында лаборатория, бөлім меңгерушісі болды. 1958–64 ж. Қазақстан ҒА-ның Хим.-металлургия ин-тының директоры қызметін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектері көмір, мұнай, ацетилен, органик. қосылыстар, изиол. активті заттар химиясына, нәзік органик. қосылыстар синтезіне арналған. Ә. органик. синтез саласында ацетиленнің жаңа туындыларын және оның изомерлерін зерттеді. Алғаш Қарағанды көмірінен кокс алу мүмкіндігін анықтады. Медицинада ісікке карсы қолданылатын «Глиофен», а. ш-нда өсімдік өсуін тездететін «Акпинол», «Фоспинол» препараттарын тапты. 81 авторлық куәлік алған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» (1945) ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Әкімбеков Әзімбек Қыздарбекұлы
[edit](10.10.1954 ж.т., Қарағанды қ.) – тау-кен инж., тех. ғыл. докт. (1997). Қарағанды политех. ин-тын (1977) және аспирантурасын (1984) бітірген. 1977–79 ж. «Қарағандыгипрошахта» ин-тында инж.-жобалаушы, 1979–81 ж. стажер-зерттеуші, аға ғыл. қызметкер, 1985 жылдан Қарағанды политех. ин-тында аға оқытушы, аға ғыл. қызметкер, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-тінде аға ғыл. қызметкер, доцент, кафедра меңгерушісі, халықар. байланыс пен ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарады. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы.
Әленова Әрике Хамызқызы
[edit](1951 ж.т., Ақмола обл. Көкшетау қ.) – мед. ғыл. докт. (1996). Алматы мемл. мед. ин-тын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 1975–76 ж. Алматы қ-ндағы №2 қ-лық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының және 1976–77 ж. №3 қ-лық балалар ауруханасының дәрігері, 1977–78 ж. Қазақ туберкулез ғыл.-зерт. ин-тында дәрігер-ординатор, иммунология бөлімінің аға ғыл. қызметкері, 1997 жылдан бас ғыл. қызметкері болып жұмыс істейді. 100-ге жуық ғыл. еңбектің авторы. ӘЛЕТОВ Мұса (1919 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Қаратөбе ауд. Сулыкөл а.) – а. ш. ғыл. докт. (1974). 1938 ж. Орал малдәрігерлік техникумын, 1943 ж. Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1947–61 ж. осы оқу орнында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, ф-т деканының орынбасары, деканы, 1961–63 ж. Қазақ КСР-і А. ш. мин-лігінде басқарма бастығы әрі коллегия мүшесі болды. Ә-тің басшылығымен ин-ттың ғыл. қызметкерлері құйрықты, жартылай биязы жүнді дегерес асыл тұқымды қойын өсіріп шығарды. 40-тан астам ғыл. еңбектің авторы.
Әлжанов Қайып Зиядаұлы
[edit](1937 ж.т., Қарағанды қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1998), проф. (2000). Қарағанды мемл. пед. ин-тын (1960, қазіргі Қарағанды мемл. ун-ті) бітірген. 1973–2005 ж. осы ун-тте аға оқытушы, доцент, дайындық бөлімінің меңгерушісі, ф-т деканы, кафедра меңгерушісі, проф. қызметтерін атқарды. Ә. 100-ден аса ғыл. еңбектің, 1 монографияның авторы.
Әлжанов Шарафи Есмұханұлы
[edit](19.2.1901, Көкшетау, қазіргі Ақмола обл. – 1938, Алматы қ.) – қоғам қайраткері, ғалым-педагог. Шортандыдағы (Көкшетау) бастауыш уч-щені (1918), Мәскеу пед. академиясының аспирантурасын (1932) бітірген. 1932–38 ж. ҚазПИ-де кафедра меңгерушісі, Қазақ АКСР-і Оқу-ағарту халық комиссариатының Мектептер жөніндегі ғыл.-зерт. ин-тының директоры болды. Ә. ұлттық маман даярлау мен пед. ғылымы мәселелеріне арнап 20-дан астам ғыл. еңбек жазды. Пед. саласындағы әдебиеттер мен халық ағарту ісі жайлы жетекші материалдарды қазақ тіліне аудару үшін қажетті терминология жасау мәселесімен шұғылданды. Өз еңбектерінде – бастауыш, орта және жоғары мектептердің Қазақстан дамуына сәйкес мақсат-міндетін, ұйымдастыру мен басқару мәселелерін ғыл. негізде қарастырды. Оқу-тәрбие әдістемелерін жетілдіруді жан-жақты зерттеді, білім мен тәрбие арасында өзара байланыстылықтың қажеттігін пед., психол. ғылымдары негізінде дәлелдеді. Ә. «халық жауы» деген жаламен ұсталып, КСРО Жоғ. соты әскери коллегиясы жылжымалы сессиясының 10.11.1938 ж. үкімімен атылды. КСРО Жоғ. соты әскери алқасының 30.7.1959 ж. шешімімен ақталды.
Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы
[edit](10.10.1937 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Жарма кенті) – мед. ғыл. докт. (1984), проф. (1984), Қазақстан ҒА-ның акад. (2003). ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1994). Семей мемл. мед. ин-тын бітірген (1966). Шығыс Қазақстан обл. туберкулез диспансерінің рентгенолог дәрігері (1966–68), КСРО Денсаулық сақтау мин-лігі Орт. рентген-радиол. ин-тының клиник. ординаторы, аспиранты, аға ғыл. қызметкері (1968–73, 1979–82), Семей мемл. мед. ин-тының ассистенті, кафедра меңгерушісі (1973–79, 1982–84), проректоры (1984–89) болды. 1989 жылдан Қарағанды мемл. мед. академиясының ректоры. Негізгі ғыл.-зерт. еңбектері рентгенологиялық әдістерді жетілдіруге, оған керекті жаңа контрасты препараттар шығаруға, адам денесіндегі іріңді жаралардың әсерінен ішектің жарылуын, қан мен лимфа айналымының сырқаттарын зерттеуге арналған. Сондай-ақ ол Орт. Қазақстанның мед.-экол. жағдайын зерттеп, жасөспірімдердің анатом. даму ерекшеліктерін анықтады. Іш құрылысының паранхиматозды органдарын сәулемен анықтау тәсілін тапты. Ә. қазақтың көрнекті қоғам қайраткерлері: Әйтеке, Төле, Қазыбек билер және Абай ұрпақтары туралы зерттеу еңбектер жазды.
Әлиаров Бірлесбек Қаниұлы
[edit](1.9.1939 ж.т., Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Жаңақорған кенті) – энергетик, тех. ғыл. докт. (1985), проф. (1992), Халықар. энергет. академиясының (1995) және Қазақстан ҰҒА-ның акад. (2004). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) және Алматы энергет. ин-тын (1983) бітірген. Қазақ энергет. ғыл.-зерт. ин-тында аға лаборант, инж. (1963), кіші (1966), аға (1972) ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1982), ин-т директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары (1988), директоры (1992–2002) қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы АҚ-ның ғыл. жөніндегі атқарушы директоры. Ә. күлі көп Екібастұз көмірін отын есебінде қолдану мүмкіндігін зерттеуге және оны жағатын қазан құрастыруға қатысты. Сондай-ақ отынның жануы кезінде бөлінетін түтін құрамындағы улы заттарды кеміту мәселесін де зерттей отырып, нақты нәтижелер (мыс., азот тотығының мөлшері екі есе кеміді) алды. Ә. 150-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1987). Қызылорда обл. Жаңақорған ауд-ның (2005) құрметті азаматы.
Әлиаров Есенжол Қаниұлы
[edit](1.1.1956 ж.т., Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Жаңақорған кентi) – саясаттану ғыл. докт. (2006). Қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-тiн бiтiрген (1978). 1978–81 ж. Еңбекшiқазақ ауд. «Талғар» кеңшарында инж.-механик, 1981–83 ж. сол ауданның «Октябрьский» кеңшарында комсомол ұйымының хатшысы, 1983–84 ж. Алматы обл. ЛКЖО жұмысшы ауыл жастары бөлiмiнде нұсқаушы, 1984–86 ж. Еңбекшiқазақ ауд. комсомол к-тiнiң 1-хатшысы, 1986–88 ж. Алматы обл. Еңбекшiқазақ ауд. партия к-тiнiң ұйымдастыру бөлiмiнде нұсқаушы, 1988–89 ж. сол бөлiмнiң меңгерушiсi, 1989–91 ж. Алматы обл. ЛКЖО-ның 1-хатшысы, 1991–94 ж. «Асар» ассоциациясының президентi қызметтерiн атқарды. 1995 жылдан «Казинтермол» ЖШС-нiң бас директоры. Алматы обл. Еңбекшiқазақ ауд-ның құрметтi азаматы.
Әлиев Мұхтар
[edit](2.2.1933 ж.т., Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Талап а) – мед. ғыл. докт. (1974), проф. (1976), Қазақстан ҒА-ның акад. (1989), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1996). Алматы мемл. мед. ин-тын (1957, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 1957–63 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау мин-лігінің мекемелерінде дәрігер, 1963–80 ж. Алматы мемл. мед. ин-тында аспирант, ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, 1982–87 ж. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі, ал 1980 жылдан өзі негізін қалаған А.Н.Сызғанов атынд. Хирургия ғыл. орт-ның директоры және кафедра меңгерушісі (1991) болды. Негізгі ғыл. еңбектері торакальды (кеуде куысы), абдоминальды (іш қуысы), қан тамыры хирургияларына, транспланталогиялық, эндоскопиялық хирургия мен микрохирургия салаларының теор. және практикалық мәселелеріне арналған. Оның ішінде бауырдың эхинококк ауруын лазермен күйдіру, аяқ-қол микрохирургиясы, қан тамырларын пластикалық жолмен байланыстыру және асқазанға хирург.-пластикалық операциялар жасау әдістері хирургиядағы елеулі жаңалық болып саналады. Ә. Қазақстанда және Орта Азияда алғаш рет балаларға бүйрек, бауыр алмастыру (трансплантация) операцияларын және өт жолына, аналық без ісігіне, соқыр ішекке эңдоскопиялық әдісті қолдануды ойдағыдай жүзеге асырды. Қан тамырларына жасалатын операцияны жетілдіріп, хирургиялық тәжірибеге енгізді. Ә-тің еңбектерінде ұйқы безіне аутотрансплантация жасау, бүйрек және айырша бездеріне лапароскопия әдісін қолдану ерекше орын алады. Сондай-ақ ол Қазақстанда алғаш рет қолқа мен тәждік (коронарлық) артерияларды жалғастыру операциясын жасаған. 34 авторлық куәлік пен патент алған. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1988).
Әлиев Нысаналы
[edit](1950 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Мақтаарал ауд. Асықата кентi) – хим. ғыл. докт. (1998), проф. (1998). ҚазМУ-ды (1972, қазіргі ҚазҰУ) бiтiрген. 1972–88 ж. Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) инж., кiшi, аға ғыл. қызметкер, оқытушы, 1981–85 ж. Алжирдiң ұлттық жеңiл өнеркәсiп ин-тында оқытушы, 1988–94 ж. Қарағанды мемл. ун-тінде, Халықар. қазақ-түрiк ун-тiнде оқытушы болып қызметтер атқарды. 1995–98 ж. Қазақ ұлттық тех. ун-тiнде докторант, 1998 жылдан доцент, проф., 2000 жылдан қаржы-экон. мәселелері жөнiндегi проректоры.
Әлиев Орақ Жолмырзаұлы
[edit](1.1.1946 ж.т., Қызылорда обл. Қазалы ауд. 3-а.) – экон. ғыл. докт. (2004), проф. Қазалы а. ш. техникумын (1965), ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) филос.-экон. ф-тiн (1974) бiтiрген. 1974 ж. Қазақстан ҒА-ның Экон. ин-тында экономист, 1975–85 ж. ҚазМУ-дың саяси экономия кафедрасында ассистент, аға оқытушы, 1985–99 ж. осы ун-т жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының бiлiктiлiгiн жетілдіру ин-тында доцент, кафедра меңгерушiсi болды. 1992 ж. «Тұран» жекеменшiк ун-тінде оқу iсi жөнiндегi проректор қызметiн атқарды. 2005 жылдан Астана қ-ндағы «Тұран–Астана» ун-тiнiң ректоры. Ғыл. жұмыстарының негiзгi бағыты жер меншiгi мәселесi, жер рентасы теориясы, жалпы ғылым туралы тұжырымдамаларға арналған. Ә. 150-ден астам еңбектiң, оның iшiнде екi ғыл. монографияның, бiрнеше оқу-әдiстемелiк құралдардың авторы.
Әлиханова Қарлығаш Әңгелбайқызы
[edit](1946 ж.т., Қарағанды обл.) – мед. ғыл. докт. (1997), проф. (1998). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1971, қазіргі Қарағанды мемл. мед. академиясы) бітірген. 1971–2004 ж. Қарағанды мемл. мед. ин-тында ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ә. 170-тен аса ғыл. еңбектің, 2 монографияның, 2 өнертабыстың авторы.
Әлмағанбетов Қайыртай Хамитұлы
[edit](1950 ж.т., Ақмола обл. Есіл ауд. Есіл қ.) – мед. ғыл. докт. (1992), проф. (1996). Ақмола мемл. ин-тын бітірген (1974, қазіргі Астана мемл. ун-ті). 1974–77 ж. Есіл ауд. емханасында хирург, кафедрааралық лабораториясының аға лаборанты (1978–81), Қазақ ұлттық мед. ун-тінде ассистент, аға оқытушы, доцент, проректор болып қызмет істеді (1981). Ә. 60-тан астам ғыл. еңбектің авторы.
Әлметова Әсипат Сауытбекқызы
[edit](15.10.1958 ж.т., Жамбыл обл. Мерке ауд. Тұрар Рысқұлов атынд. а.) – пед. ғыл. докт. (2007), проф. (2009). ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Еңбек жолын мектепте ұстаз болып бастады (1978–85), одан кейін Пед. ғылымының ғыл.-зерт. орт-нда кіші ғыл. қызметкер (1986–89), Қазақ ұлттық кітапханасында аға редактор (1989–91), ҚазҰПУ-да аспирант (1991–94), ҚазҰУ-да аға оқытушы (1994–95), Қазақ халықар. қатынастар және әлем тілдері ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент (1996–2004), аға ғыл. қызметкер (2004–08), 2009 жылдан ин-ттың мамандарды дайындау жөніндегі директоры. «Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудағы ғылыми әдістемелік негіздері (жоғары оқу орындарындағы)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады.
Әлмишев, Ә Л М І Ш Е В Ұлан Хамзаұлы
[edit](14.2.1955 ж.т., Солт. Қазақстан обл., қазіргі Шал ақын ауд. Ысқақ Ыбырай а.) – агроном, а. ш. ғыл. докт. (2007). Қазақ а. ш. ин-тын (1977, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1984–92 ж. Павлодар обл. Ақтоғай ауд-нда тәжірибе ш-ның бас агрономы, директоры (1993–96), 1997 ж. Павлодар а. ш. ғыл.-зерт. ин-тының бөлім меңгерушісі, 2000 ж. Павлодар мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2004 жылдан Халықар. қазақ-түрік ун-тінің Шымкент ин-тында кафедра меңгерушісі. Ғыл. жұмысының негізгі бағыты – шабындық пен жайылым өнімі мен мал өнімділігін арттыру, экон. жағынан тиімді, экол. жағынан таза мал азығын өнімді алу жолдарын қарастыру мәселесі. «Поли(цикло)фосфаттар мен әр түрлі тотықсыздандырғыш реагенттердің жоғары температурада өзара әрекеттесуі және фосфидтік құймаларды алу технологиясын жасау» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған.
Әлмұхамбетов Жексенбек
[edit](1.6.1928 ж.т., Жамбыл обл. Тараз қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1975), проф. (1984). Орта Азия мемл. ун-тін бітірген (1951). 1951–52 ж. Орта Азия тресінің геол. партиясын басқарды. Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында инж., кіші ғыл. қызметкер (1956–60), лаборатория меңгерушісі (1961–82) болды. 1982 жылдан Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) кафедра меңгерушісі (1982–92), проф. (1992). Ғыл. еңбектері геофиз. әдістер кешені арқылы жердің терең қабаттарының құрылымын зерттеуге арналған. Ә. республикада тұңғыш рет электрмагниттік зондтау әдісімен Қазақстан жер қойнауындағы ірі кенді тораптарды зерттеді. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1978).
Әлпейісов Есенбай
[edit](1952 ж.т., Жамбыл обл. Тұрар Рысқұлов ауд. Құлан а.) – тех. ғыл. докт. (1997). Қазақ политех. ин-тын (1974, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. 1974–76 ж. ҚР ҰҒА-ның Металлургия және кен байыту ин-тының автоматика және электроника лабораториясында инж., 1976–79 ж. з-тта инж., аға электрик, 1979 жылдан Тараз жеңіл және тамақ өнеркәсібі технол. ин-тында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ә-тің 34 ғыл. еңбегі жарық көрген. 3 авторлық куәлігі бар.
Әлібаев Нұрадин Нәжімединұлы
[edit](10.1.1955 ж.т., Түрікменстан, Мары обл. Мухадов а.) – а. ш. ғыл. докт. (1994), проф. (2007). Мәскеудегі Ветеринария академиясын бітірген (1977). 1977–2003 ж. қазіргі Оңт. Батыс а. ш. ғыл. өндіріс орт-нда лаборант, кіші ғыл. қызметкер, жетекші ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2003 жылдан осы мекемеде директордың орынбасары. Ә. қаракөл қойын сұрыптаудың жаңа әдістерін тауып өндіріске енгізген және қаракөл қойлары эмбриондарын трансплантациялаудың ғыл. негізін салып, практикалық әдістемесін ойлап тапты. Оның 35-тен аса ғыл. еңбегі жарық көрген, оның ішінде 11 авторлық куәлік пен 5 ұсынысы бар. Ә. Қазақстан Ленин комсомолы (1990) және ҚР Мемл. сыйлықтарының (2005) иегері.
Әлiбеков Шамшат Аужанұлы
[edit](12.2.1928 ж.т., Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Қармақшы кентi) – педагог, филол. ғыл. докт. (1993), проф. Қызылорда пед. ин-тының (1949, қазіргі Қызылорда мемл. ун-тi) филол. ф-тiн бiтiрген. 1949–56 ж. Жалағаш ауд. Мақпалкөл орта мектебiнде мұғалiм, мектеп директоры болған. Шымкент пед. ин-тында, кейiн ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) филос. кафедрасында қызметтер атқарған. Ғыл. еңбектерi поэма жанрын, Абай шығарм-н, қазақ фольклорының эстет. мәселелерiн зерттеуге арналған. Ә. «Қазақ фольклорының эстетикасы» кiтабының, 100-ден аса әдеби, ғыл.-зерт. мақалаларының авторы.
Әлімбаев Әбілда Әмірханұлы
[edit](1935 ж.т., Қарағанды обл.) – экон. ғыл. докт. (1988), проф. (1988). Қарағанды политех. ин-тын (1958, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) бітірген. Қарағанды шахталарында инж., «Қарағандыкөмір» ғыл.-зерт. ин-тында сектор меңгерушісі, Қарағанды мемл. ун-тінде доцент, кафедра меңгерушісі, 1981 ж. Қазақстан ҒА-ның Экон. ин-ты Қарағанды бөлімшесінің (1986) меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғыл. еңбектері негізінен ғыл.-тех. прогрестің әлеум.-экон. тиімділігін арттыруға арналған. Ә. 72 ғыл. еңбектің, 8 монографияның авторы.
Әлімбаев Әбілманат Әмірханұлы
[edit](1942, Қарағанды обл. – 2005) – филос. ғыл. докт. (1991), проф. (1992). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемл. мәдениет ин-тын бітірген (1971). Қарағанды мемл. мед. ин-тында кафедра меңгерушісі, 1992–2002 ж. Қарағанды пед. ин-ты мен Қарағанды мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі, ф-т деканы, 2003 ж. Қарағанды экон. ун-тінде кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері жастардың сана-сезімі, ұлт пен діннің консолидациясы, қазақтардың діншілдік ерекшеліктері, аймақтық әлеум. құрылымның өзгеру мәселелеріне арналған.
Әлімбаев Торғай Әмірханұлы
[edit](1945 ж.т., Қарағанды обл.) – тарих ғыл. докт. (1998), проф. (2000), Халықар. экол. академиясының акад. (1999). Қарағанды пед. ин-тын бітірген (1968). 1977–2002 ж. Қарағанды мемл. ун-тінде оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 2002–04 ж. ҚР Президенті жанындағы мемл. қызметкерлер академиясында, Басқарушы мамандарды даярлау ин-тының директоры қызметтерін атқарды. 2004 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі. Ә. 70 ғыл. еңбегі мен 4 монографияның авторы.
Әлімжанов Айбар Мұратбекұлы
[edit](1968 ж.т., Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1999), проф. (1999). ҚазМУ (1992, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1992–99 ж. ҚР ҰҒА-ның Мех. және машинатану ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер. 1999 ж. Қазақ көлік және коммуникация академиясында кафедра меңгерушісі. Ә. 30-дан аса ғыл. еңбектің авторы.
Әлімжанов Бекен Өкенұлы
[edit](1947 ж.т., Ресей, Омбы обл. Марьяновка ауд. Қарабас а.) – а. ш. ғыл. докт. (1993), проф. (1992). Мәскеу а. ш. академиясын бітірген (1972). 1973–87 ж. Мәскеу мемл. академиясының аспиранты, ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі, Ақмола а. ш. ин-тының проректоры, 1990–97 ж. ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры, кейін Ақмола агр. ун-тінің (қазіргі Астана агротех. ун-ті) ректоры қызметін атқарды. Ә. 80-ге жуық ғыл.-зерт. мақала мен монографияның авторы.
Әлімжанов Мұратбек Тұрлыбекұлы
[edit](6.4.1938 ж.т., Алматы обл. Алакөл ауд. Екпінді а.) – тех. ғыл. докт. (1972), проф. (1983). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1961–73 ж. Қазақстан ҒА-ның Матем. және мех. ин-тының аға лаборанты, инж., аға ғыл. қызметкері. 1999 ж. Қазақ көлік және коммуникация академиясында кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. жұмыстары кен жыныстарының механикасы мен кеңістіктегі денелердің орнықтылық теориясын зерттеуге арналған. Ә-тың 200 ғыл. еңбегі мен 3 монографиясы жарық көрген.
Әлімжанова Людмила Васильевна
[edit](1945 ж.т., Ресей, Орел обл. Паньково с.) – а. ш. ғыл. докт. (1996), проф. (1997). Мәскеу а. ш. академиясын бітірген (1972). 1972–76 ж. Мәскеу а. ш. академиясында ізденуші, аспирант, Ақмола агр. ун-тінде (қазіргі Астана агротех. ун-ті) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ә. 70 ғыл. еңбектің, 1 монографияның, 2 оқулықтың авторы.
Әлімханов Жұлдызбек
[edit](1939 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Қарауыл а.) – мед. ғыл. докт. (1970), проф. (1970). Семей мед. ин-тын бітірген (1965). 1965–70 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мед. ин-тының аспиранты, Қазақ ұлттық мед. ун-ті жанындағы дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру ин-тында кафедра меңгерушісі, проф. қызметтерін атқарды. Ә. 70 ғыл.-зерт. мақала мен 2 монографияның авторы.
Әліпбеки Оңғарбек Әліпбекұлы
[edit](15.5.1951 ж.т.) – биол. ғыл. докт. (2005), проф. (2008). Қазақ а. ш. ин-тының (1972, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) топырақтану және агрохимия ф-тін бітірген. Жамбыл обл. Қордай ауд-ндағы КСРО А. ш. мин-лігінің а. ш. ғыл.-зерт. ин-тында лаборант (1972), аға лаборант (1972–74), кіші (1974–86), аға ғыл. қызметкер (1986–92), Қазақ өсімдік қорғау ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер (1998–2000), лаборатория (2000–01) және бөлім меңгерушісі (2001–03), Қазақ ұлттық агр. ун-тінде доцент (2003–04, 2006 жылдан кафедра меңгерушісі), Ақпараттық технол. ин-тының директоры (2005–06) қызметтерін атқарды. Ә-дің ғыл. жұмыстарының бағыты – ядр. қару жарылысынан пайда болатын жасанды радионуклеидтердің топырақ-өсімдік жүйесінде транслокациялану және трансформациялануының заңдылықтарын зерттеу мәселесі.
«Әмет Батыр» – Мұрын Жырау Жырлаған «Қырымның Қырық Батыры» Эпостық Жырының Жеке Батырлар Топтамасына Енген Жыр. Толық Нұсқасын Жырды
[edit](1990) жарияланды. Бұдан басқа Әмет батыр туралы халық ертегісі негізінде шығарылған ертегі-дастан да белгілі. 7–8 буынды жыр үлгісіндегі «Әмет» дастанын жинаушы Ғ.Ахметов ел аузынан жазып алып, Ф.Ғатауов Қазақстан ҒА қорына тапсырған. Дастанда Әмет батырдың Әз Жәнібек ханды жаудан құтқарып алуы, осы ерлігі үшін Ханайым сұлуды тарту ету жөнінде уәдесінен тайған хан ауылын шауып, сұлуды алып қашуы, соңынан қуып келген атақты Алау батырдың батасын беріп, мұратына жетуі баяндалады. Дастанның басты кейіпкері Әмет сертіне адал, отан сүйгіш, аңғал батыр бейнесінде суреттеледі.
Әмір Рақыш
[edit](1939 ж.т., Қызылорда обл. Жалағаш ауд. Жаңаталап а.) – хим. ғыл. докт. (1987), проф. (1991). ҚР жаратылыстану ғыл. академиясы (1997) және Халықар. ақпараттандыру академиясының акад. (1997). Қызылорда пед. ин-тын (1962) және аспирантурасын (1970) бітірген. 1962–64 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда мектеп мұғалімі, 1964–89 ж. Қызылорда пед. ин-тында оқытушы, кафедра меңгерушісі, проф., 1989–91 ж. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технол. ин-тының Алматы бөлімшесінде (қазіргі Алматы технол. ун-ті) кафедра меңгерушісі, 1992–97 ж. Қызылорда гуманит. пед. ун-тінің ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры. 1996–98 ж. Жамбыл ун-тінің кафедра меңгерушісі, 1998–2003 ж. Тараз мемл. ун-тінде химия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2004–08 ж. Павлодар мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі. 2008 жылдан осы ун-тте проф. Ә. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі (1992). Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен (2004) марапатталған. Ә. 115 ғыл. еңбектің авторы, оның ішінде 2 монография, бірнеше авторлық куәліктер бар.
Әмірбаев Вильжан Мавлютинұлы
[edit](25.4.1931 ж.т., Алматы обл. Талдықорған қ.) – математик, тех. ғыл. докт. (1971), проф. (1977), Қазақстан ҒА-ның акад. (1990). ҚазМУ-ды бітірген (1954, қазіргі ҚазҰУ). 1954–56 ж. сол ун-тте ассистент, 1959–65 ж. Қазақстан ҒА-ның Төралқасы жанындағы машина және есептеу математикасы лабораториясының кіші ғыл. қызметкері, меңгерушісі болды. 1966–72 ж. Мәскеудегі ғыл. орталықтарда қызмет істеді. 1972–77 ж. Қазақстан ҒА-ның Матем. және мех. ин-ты директорының орынбасары, 1988–92 ж. сонда лаборатория меңгерушісі, 1977–78 ж. Мәскеу азаматтық әуе жолы инженерлері ин-тында кафедра меңгерушісі, 1978–88 ж. Мәскеу электронды техника ин-тында проф., 1988–92 ж. Қазақстан ҒА-ның физ.-матем. ғылымдары бөлімшесінің акад.-хатшысы қызметін атқарды. 1992 жылдан ҚР ҒМ–ҒА-ның Теор. және қолданбалы матем. ин-тының бас ғыл. қызметкері, Мәскеу электронды техника ин-тының проф. Негізгі ғыл. еңбектері бас идеалдар сақинасының модульдік кодтау теориясына, Лаплас интегралын цифрлы бейнелеу әдістеріне арналған. Ол ақпараттану саласындағы іргелі алгебралық құрылымдарды есептеу процестерін ұйымдастыруға пайдаланды. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1991).
Әміреев Сәкен
[edit](5.1.1940 ж.т., Алматы обл. Алакөл ауд. Екпінді а.) – мед. ғыл. докт. (1989), проф. (1991). Алматы мемл. мед. ин-тын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Сол жылдан Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғыл.-зерт. ин-тында ғыл. қызметкер, 1975–95 ж. осы ин-ттың бруцеллезді зерттеу бөлімін басқарды. 1995 жылдан Қазақ ұлттық мед. ун-тінде кафедра меңгерушісі. Ә. Қазақстанда бруцеллездің, малдан жұғатын, т.б. аурулардың таралу заңдылықтарын ашып, олардың алдын алу жолдарын анықтады. 230-дан аса ғыл. еңбек, оның ішінде 2 монография жариялаған.
Әмірханова Шәмшия Кенжеғазықызы
[edit](1948 ж.т.) – хим. ғыл. докт. (2005). ҚазМУ-ды (1974, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қарағанды мемл. ун-тінде кіші ғыл. қызметкер, аға ғыл. қызметкер, аға оқытушы, доцент, физ. және аналит. хим. кафедрасының проф. 100-ден астам ғыл. еңбектің, 1 монографияның авторы.
Әнәпияев Бақытжан Бейсенбекұлы
[edit](2.4.1963 ж.т.) – биол. ғыл. докт. (2001), ҚазМУ-дың (1987, қазіргі ҚазҰУ) биол. ф-тін бітірген. Қазақ ұлттық тағамтану академиясында (1980), Ботаника ин-тында (1983), ҚазМУ-дың биол. ф-тінде (1984), Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы ин-тында (1997) жұмыс істеді. Ә-тің ғыл. жұмысы астық тұқымдас дақылдарының гаплоидтық биотехнологиясын және оның экон. тиімділігін зерттеу мәселелеріне арналған. Әсіресе, бидайдың гаплоидтық биотехнологиясын жан-жақты зерттеу нәтижесінде бидайдың жоғары өнімді сорты алынды. Ә. 130-дан астам ғыл. мақала, монография («Культура микроспор и гаплоидная биотехнология пшеницы», А., 2001), патенттердің авторы.
Әскери Ғылым – Әскери Өнер Мен Жауынгерлік Даярлық Мәселелерін Зерттейтін Ғылымдар. Жалпы Әскери Істі, Жүріп Жатқан Немесе Болуы Мүмкі
[edit](тактика, стратегия, т.б.); Қарулы Күштердің ұйымдастырылуы және азаматтардың әскери даярлығы мәселелерімен шұғылданатын әскери құрылыс теориясы; Қарулы Күштердің жауынгерлік құрамын әскери оқыту-үйрету және тәрбиелеу теориясы (әскери педагогика, әскери психология); Қарулы Күштерді материалдық-тех. жағынан жабдықтау және қаржымен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын әскери экономика теориясы; соғыстар мен соғыс өнерінің тарихын зерттейтін әскери тарих; әскери іс-әрекеттер аймағы, кейбір елдердің геогр. орналасу ерекшеліктерінің соғыс қимылдарын жүргізудегі маңызын, әскери топография мәселелерімен шұғылданатын әскери география; әскери қызметшілер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау, соғыста жараланған және ауырған адамдарға көмек беру, Қарулы Күштерді мед. жабдықтау және оның жауынгерлік құрамына мед. жәрдем беру ісін ұйымдастыру, әскери денсаулық сақтау саласының теориясы мен іс-тәжірибелерін зерттеу және жетілдіру ісімен айналысатын әскери медицина; әскери іс-қимылдардың демогр. дамуға қатысты мәселелерін қарастыратын әскери демография және т.б. Ә. ғ-ның жетістіктері мемл. әскери доктринасын жасау барысында пайдаланылады. Қазақ халқының дәстүрлі әскери өнерінен және қазіргі заманғы отандық қолбасшылар мен ғалымдар (Б.Момышұлы, Л.Қ.Бақаев) еңбектерінен бастау алатын қазақ отандық төл Ә. ғ. 20 ғ-дың соңында ғана қалыптаса бастады.
Әубәкіров Александр Фидахметович
[edit](1936 ж.т., Алматы қ.) – заң ғыл. докт. (1986). проф. (1993). ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1958–60 ж. Қазақ сот сараптамасы ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (Алматы қ.), 1960–61 ж. Қазақ физкультура ин-тында кинофотолаборатория меңгерушісі, 1961 ж. Қазақ сот сараптамасы ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, ғыл. жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, директоры, сот сараптамасының бас маманы. 107-ден аса ғыл. еңбектің, 3 монографияның, 10 оқу құралының авторы.
Әубәкіров Байболат Абайұлы
[edit](5.1.1955 ж.т., Павлодар обл. Екібастұз қ.) – экон. ғыл. докт. (1994), Қазақстанның еңбек сің. экономисі (1992). Қазіргі Қарағанды мемл. ун-тін бітірген (1983). Қазақ зағиптар қоғамына қарасты Алматы өндірістік оқу кәсіпорнының жұмысшысы, Жамбыл обл-ндағы Шу өндірістік оқу кәсіпорнының директоры (1981–83), Қазақ зағиптар қоғамының төрағасы болды. Ғыл. еңбектерінің негізгі бағыты зағиптар еңбегін кәдеге жаратудың ғыл. мәселелерін зерттеуге арналған. Зерттеулерінің нәтижелері Қазақ зағиптар қоғамының өндірістік оқу кәсіпорындарында, ТМД елдерінің осындай қоғамдарының жұмысында пайдаланылып келеді.
Әубәкіров Жақия
[edit](Яқия) Әубәкірұлы (1925, Қарағанды обл. Шет ауд. Ақтөбе а. – 2009, Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1972), проф. (1973), Қазақстан ҒА-ның акад. (1989). Қазақ КСР-інің еңбек сің. жоғары мектеп қайраткері (1970). Омбы пед. уч-щесін (1941), Қарағанды мұғалімдер ин-тын (1942), Омбы мемл. ун-тін (1949) бітірген. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аспирант, ассистент, оқытушы, оқу ісі бойынша проректор және кафедра меңгерушісі (1949–63 ж. және 1967 жылдан кейін). Алматы халық ш. ин-тында (қазіргі Қазақ экон. ун-ті) проф., кафедра меңгерушісі (1963–72) болды. Негізгі ғыл. еңбектері Қазақстанның а. ш-нда экон. заңдарды пайдалану, әлеум.-экон. өзгерістер, мемл. меншік пен жекешелендіру проблемаларын зерттеуге арналған.
Әубәкіров Қуантай
[edit](3.1.1942 ж.т., Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Амангелді а.) – агроном, а. ш. ғыл. докт. (2005). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1965, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) және Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1971) бітірген. Қазақ шабындық және жайылым ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1971–79), бөлім меңгерушісі (1979–94), Қазақстан ҰҒА-ның Генетика, физиол. және өсімдік биоинженериясы ғыл.-зерт. ин-тында жетекші ғыл. қызметкер (1994–2002), Қазақ ұлттық агр. ун-тінде доцент (2002), проф. (2006) қызметтерін атқарады. Оның ғыл. жұмыстары негізінен мал азығын өндіру мәселелеріне арналған. Ә. 110-ға жуық ғыл. еңбектің авторы.
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы
[edit](27.7.1946 ж.т., Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. 1-Май а.) – қазақтың тұңғыш ғарышкері, тех. ғыл. докт. (1998), проф. (1997), Кеңес Одағының еңбек сің. ұшқыш-сынақшысы (1990), авиац. ген.-майоры (1992), Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995), Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (1995). 1962–65 ж. Теміртау құйма-мех. з-тында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964). Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар уч-щесін бітірген (1969). 1969–75 ж. Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін (1976), Мәскеу авиация ин-тын бітірген (1979). 1976–92 ж. Мәскеудегі А.И.Микоян атынд. Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы. Ә. 1988 ж. Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солт. полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 ж. 1-болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 ж. ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 ж. 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орт-нда ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі Жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал т. аймағы бойынша ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофиз. бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. Ә. 1991 ж. 10 қазанда Жерге оралды. Ә. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін калауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскерипатриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992–93 ж. ҚР Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993–94 ж. ҚР Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994–95 ж. ҚР Жоғ. Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік к-тінің төрағасы, 1996 ж. ҚР Президентінің кеңесшісі болды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды (2004).
Әубәкірова Айгүл Жұмағалиқызы
[edit](1.7.1950 ж.т., Алматы обл. Талдықорған қ.) – мед. ғыл. докт. (1996). Алматы мемл. мед. ин-тын (1973, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген соң Алматы қ-ндағы ауд. ауруханада дәрігер, 1974 ж. Қазақ көз аурулары ғыл.-зерт. ин-тында ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Оның ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – балалардың көз ауруларын емдеу мәселелері. Ә. 100-ден аса ғыл. еңбектің авторы.
Әубәкірова Жанар Жақияқызы
[edit](Яқияқызы; 29.9.1958 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (2003). ҚазМУ-дың филос.-экон. ф-тін (1982, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1987) бітірген. ҚазМУ-да стажер-ізденуші (1982–84), Алматы энергет. ин-тында оқытушы, аға оқытушы (1988–95), Қазақ экон. ун-тінде (1995–2005, бұрынғы Қазақ мемл. басқару академиясы) доцент, проф. міндетін атқарушы, ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі (2005) болды. «Посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграция: теориясы, методологиясы мен практикасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә. 50-ден астам ғыл. жарияланымның авторы.
Әуезов Мұханбетжан Таңатарұлы
[edit](1949–2006) – тех. ғыл. докт. (2001), проф. (2003). Қазақ политех. ин-тын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. 1972–2000 ж. «Уралруда» бірлестігінде кен шебері, тех. жетекшісі, бас инж., карьер, шахта бастығы, Жезқазған пед. ин-тында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, Қарағанды политех. ин-тында аға оқытушы, доцент, сырттай оқыту ф-тінің деканы болды. 2000 жылдан Жезқазған ун-тінің жанындағы Тау-кен инж. ин-тының директоры. 50-ге жуық ғыл. жарияланымның авторы. Жезқазған қ-ның құрметті азаматы.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
[edit](28.9.1897, бұрынғы Шыңғыстау болысының № 8 а-на қарасты Аяққараған, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. – 27.6.1961, Мәскеу қ.; Алматыда жерленген) – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ҒА-ның акад. (1946), филол. ғыл. докт., проф. (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1957). 7–9 жас аралығында ауыл мектебінде сауатын ашқан Ә. 1908 ж. Семейдегі медреседе оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 ж. осындағы қалалық бес кластық орыс қазына уч-щесіне оқуға орналасады. Сол уч-щенің соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Уч-щені 1915 ж. аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп те шығарм-пен айналысады. 1919 ж. семинарияны бітіреді. 1923 ж. Ленинград мемл. ун-ті қоғамдық ғылымдар ф-тінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға қабылданады. 1925 ж. Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1928 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тінің аспирантурасында оқыды. Ж.Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 ж. 10 наурызда «Алаш» газетінде басылады. Ә. Семейде «Абай» ғыл.-көпшілік журналын (Аймауытовпен бірге) шығарады. «Абай» журналы оның журналист ретінде қалыптасуына тікелей ықпал етіп, журналда «Ғылым», «Абайдың өнері һәм қызметі», «Философия жайынан», «Абайдан соңғы ақындар», «Ғылым тілі», т.б. іспетті ғыл.-көпшілік, танымдық, әлеум. мәні бар мақалалар жариялайды. Бұл мақалаларында ол ұлттық демокр. үрдіске негізделген өркениетті мемлекет құру идеясын насихаттады, қазақтың ғыл. ойы мен танымы қалыптасу мәселелерін талдады. Ал «Философия жайынан» мақаласында ол ғылымдардың түйіскен торабы философия деп есептейді, оны терең ойдың ғылымы, адамның ақыл аумағын кеңейтетін, ақиқатқа жетуге жол көрсететін, адам санасы мен танымын дамытатын ғылым деп түсіндіреді. Аталмыш жұмыста ол философия тарауларын гносеология, логика, психология, философия тарихы, метафизика, онтология, рационалды психология деп қарастырады. Әрі қарай философия тарихын – ескі және жаңа философияға бөліп әрі қазақ танымына ыңғайлап, Фалестен классик. неміс философиясына дейінгі кезеңге шолу жасайды. Өз мақаласын «Философия – адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстайтын шамшырақ» деп аяқтайды. 1920–21 ж. Семей обл. атқару к-ті қазақ бөлімінің және обл. соттың меңгерушісі міндетін атқарады. 1922 ж. 7 наурыз күні өзінің пікірлес досы, Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі С.Сәдуақасов екеуі РК(б)П ОК-нің арнаулы өкілі В.Г.Юдовскийге қазақ ұлтына большевиктер тарапынан қолданылып отырған жазалау және шеттету саясатына қарсылық білдіріп, к-т алдына: ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою, отарлаушылар тартып алған жерлерді қазақтарға қайтарып беру және оған өзінің ежелгі иелерін орналастыру, өндіріске, мемл. қызметке қазақтарды тарту, іс қағаздарын ана тілінде жүргізу және ана тілін мемл. тіл деп жариялау, ұлттық оқу-ағарту, ғылым, баспасөз саласына ерекше көңіл бөлу сияқты сегіз түрлі мәселе қояды. Қазақ АКСР-і Оқу-ағарту комиссариатының арнайы өкілдігімен 1924–25 ж. Семей қ-ндағы мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылады. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. 1926 ж. Семейге арнайы ғыл. экспедиция ұйымдастырып, ауыз әдебиеті мұраларын жинайды. Ғыл. экспедицияның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 ж. кітап болып шығады. Аталмыш моногр. кітабында Ә. халықтың салт жырлары мен тарихи өлеңдеріне, батырлық жырлары мен ғашықтық жырларға, айтыс өлеңдер мен ертегілерге, бірқатар көрнекті ақындардың шығарм-на талдаулар жасаған. Шортанбай, Мұрат, Дулат, т.б. ақындар шығарм-н әділ бағалаған. Ә. ескі аңыз-ертегілерді, эпостық жырларды зерттегенде, Қорқыт, Асан Қайғы, т.б. жайында пікір толғағанда қазақ поэзиясының түп-төркіні әріде, көне дәуірде жатқанына ерекше назар аударады. Зерттеуші түркі тілдес халықтарға ортақ «Көроғлы», «Алпамыс» секілді көне мұраларға айрықша назар аударып, біліктілікпен талдады. 1927 ж. жазда Жетісу өңіріне ғыл.-шығарм. сапармен келіп, І.Жансүгіровпен бірге ел аралап, болашақ шығармаларына материал жинайды. Қазақ ағарту ин-тында сабақ береді. Аспирантурада оқып жүріп, жаз айында қырғыз елін аралап, «Манас» жырын зерттейді, жомықшылардың аузынан дастанның үзінділерін жазып алады. 1927–29 ж. Абай қолжазбаларының екі томдық толық жинағын баспаға әзірлейді. Ғыл. жұмыстар мен көші-қон мәселесінің соңында жүріп, 1929–30 ж. шығарм. жұмыспен айналысуға мүмкіндігі болмайды. Осы жылдары Алаш қозғалысының көсемдері түрмеге қамалады. 1930 ж. 16 қыркүйек күні Ә. те тұтқындалады. Тергеу екі жылға созылып, 1932 ж. сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. 1932 ж. 10 маусым күні «Социалды Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Ашық хат» арқылы Ә. өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулері мен пьесаларынан («Қарагөз», «Еңлік–Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман») бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болады. Ә. сол жылы түрмеден босатылып, Қазақ а. ш. ин-тына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып уақытша жұмысқа орналасады және Қазақ пед. ин-тының аға оқытушысы, проф. міндетін атқарушы болып қызмет істейді. Мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. 1943 ж. Тіл, әдебиет және тарих ғыл.-зерттеу ин-тының аға ғыл. қызметкері болып қайтадан қызметке тұрады; сол жылдың қыркүйегінен бастап ҚазМУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасына проф. болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқиды. 1946 ж. Қазақстан ҒА құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филол. ғыл. докторы, проф. атағы беріледі. Ол «Қазақ ССР тарихының» әдебиет тарихы бөлімін жазып, «Қазақ совет әдебиеті тарихын» жазуға жетекшілік етеді. Бірақ, 1951–54 ж. Ә. саяси-идеол. тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, оны «ұлтшыл-алашордашыл» ретінде жаппай сынау науқаны басталады. Оған «қазақ фольклоры мен эпостарындағы Ресейге қарсы жазылған, байшылдықты, батырлықты, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған дастандарды жарыққа шығарды; Кенесары–Наурызбай көтерілісін жақтап, ғыл.- зерт. жүргізді; ғылымға қарсы Абайдың ақындық мектебі деген бағыт қалыптастырды; «Абай» романында феодализмді мадақтады, Құнанбайды халықтың қайраткері етіп көрсетті; «алашордашыларды» шығармасында жағымды кейіпкер етіп бейнеледі; Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті тарихын бұрмалап жазды» деген айыптар тағылды. Мерзімді баспасөзде Ә. туралы сыңаржақ сындар мен оны «халық жауы» ретінде әшкерелеген мақалалар басылды. Соған қарамастан, ол 1952 ж. Фрунзе (қазіргі Бішкек) қ-ндағы «Манас» жыры туралы конференцияда сөз сөйлеп, қырғыз халқының ұлы эпосын ақтап алуға зор үлес қосады. Өзі жазғандай, «басын қатерге тіге отырып, ел үшін тәуекелге барады». «Манас» эпосына терең талдау жасап, көлемді ғыл.-зерт. жазды. 1950 ж. «Манас» туралы қым-қиғаш солақай пікірлер айтылып жатқан сын сәтте де Ә. асқан біліктілікпен бұл эпостың нағыз халықтық, ұлы туынды екенін дәлелдеп берді. 1953 ж. сәуір айының соңында қамауға алыну қаупі төнгенде, Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Онда А.А.Фадеев, К.М.Симонов, В.М.Кожевников, Н.С.Тихонов іспетті орыс жазушылары араша түсіп, Ә-ті жазықсыз жазадан аман алып қалады. Қазақстанға қайтып келудің қауіпті екенін біліп, Мәскеу мемл. ун-тінің проф-ы болып орналасады. Онда 1953–54 ж. «СССР халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс береді. 1957–61 ж. Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет ин-тының халық ауыз әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Ә. қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығарм., әдебиеттану мен фольклордың теор.-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Сан алуан мақалаларымен ағымдағы әдеби процеске дер кезінде үн қосып отырды. «Әдебиет тарихы» (1927), «Әр жылдар ойлары» (1959), «Мысли разных лет» (1961), «Уақыт және әдебиет» (1962), т.б. кітаптарында ұлы жазушының ғыл.- зерт. мен филос., эстет. ойлары жинақталған. Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын жинап, зерттеу ісін Ә. семинарияда оқып жүрген кезінен бастап қолға алған еді; кейін бұл Ә. шығарм-ның негізгі арнасына айналды. 1930 ж. Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым-қиғаш пікірлер айтыла бастағанда ұлы ақын мұрасын әртүрлі бұрмалаудан, солақай көзқарастан арашалау мақсатында Ә. іргелі зерттеу еңбектер жазумен қатар ондаған ғыл. мақалалар жариялады, баяндамалар жасады, абайтану пәнінің негізін қалады; сөйтіп, Ә. абайтануды дербес ғылым саласы деңгейіне көтерді, оны зерттеудің бағытбағдарларын, принциптерін анықтады, жүйелі, біртұтас ғыл. тұжырымдамасын жасады. Ең алдымен Абайдың өмірі мен шығарм. туралы деректерді жинап зерттей келіп, ол ұлы ақын шығармаларының тұңғыш толық жинағын дайындауға кірісті. Ә. баспаға дайындаған Абай шығармаларының толық жинағы 1933 ж. жарық көрді. Осы жинаққа және онан кейінгі Абайдың толық жинақтарына Ә. жазған Абайдың өмірбаяны, басқа да қыруар, аса құнды материалдар енгізілді. Абайдың өмірбаянын Ә. қайта-қайта түзетіп, толықтырып, бастан-аяқ төрт рет (1933, 1940, 1944, 1950) жазып шықты. ҚазМУ-да абайтану пәні бойынша оқыған дәрістерін жинақтап, іргелі монография («Абай Құнанбаев», 1967) жариялады. Ә-тің әлемде және Кеңес Одағы көлеміндегі әдеби процесс, қазіргі роман жанры жөніндегі ой-пікірлері, зерттеулері, әлеум. және филос. көзқарасы отандық және әлемдік ұлы ойшылдар пікірлерімен үндес. Ә. – ғалым-жазушы, көркем ойдың алыбы. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде де Ә. дүниежүз. аса маңызды мәселелерді шешуге, халықтардың рухани ынтымақтастығын дамытуға елеулі үлес қосты. 1961 ж. Қазақстан ҒА-ның Әдебиет және өнер ин-тына оның есімі берілді, ин-т құрамында ғыл. бөлім ретінде Әуезов үйі (1963) ашылды, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Ә. есімімен аталады. Ә-тің өмірі мен шығарм. жазушылар мүсіншілер мен кескіндемешілердің өнеріне арқау болды. Жазушы-ғалымның туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүз. деңгейде аталып өтті (1997). Қазақ теледидары ұлы жазушы шығарм-на арналған 12 сериялы телехабар (авторы А.Тойбаева) түсірді. Әр жылдары КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында ГДР-де (1955), Үндістанда (1955, 1961), Чехословакияда (1956), Жапонияда, АҚШ-та (1960) болды. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты (1955, 1959). Лениндік сыйл. (1959) пен КСРО Мемл. сыйл. (1949) лауреаты. Ленин (1957), Еңбек Қызыл Ту (1945, 1956) және «Құрмет Белгісі» (1951) ордендерімен марапатталған.
Әдеб.: С Ә Т Б А Е В Қ., Үлкен Талант Иесі, «Қазақ Әдебиеті», 1957, № 39; Қ А Р А Т А Е В М., Мұхтар Әуезов, А., 1957; С О Н Ы К І, Эпостан Эпопеяға, А., 1969;
[edit](ЮНЕСКО-да өткен конференция материалдары, қазақ, орыс, француз тілдерінде), А., 1998; Алаш және Әуезов. Халықар. ғыл.-теориялық конференция материалдары, А., 2007; Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, А., 2008.
Әуезова Ләйлә Мұхтарқызы
[edit](30.7.1929, Ташкент қ. – 24.5.1993, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1975). Мәскеу мемл. ун-тін бітірген (1952). Осы ун-ттің аспиранты (1952–56), Қазақстан ҒА-ның Тарих, археол. және этнол. ин-тының ғыл. қызметкері (1956–62), 1963 жылдан өмірінің соңына дейін Әуезов үйінің директоры болды. «Проблемы истории Казахстана в творчестве М.О.Ауэзова (На материалах эпопеи «Путь Абая»)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. М.О.Әуезов шығармаларына арқау болған оқиғалардың тарихи негіздерін зерттеуге арналған ғыл. еңбектері үшін оған Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш.Уәлиханов атынд. сыйл. берілген (1979).
Әуезовтану, М Ұ Х Т А Р Т А Н У – Жазушы М.о.әуезовтің Өмірі Мен Шығарм. Өнерін, Қайраткерлік Және Ұстаздық Қызметін, Сондай-Ақ Ұлы Суреткер
[edit](1917, №2) «Игілікті іс» деген атпен жарияланған хабар. Ә-дың қалыптасу кезеңі 1917–27 ж. аралығын қамтиды. Бұл Әуезовтің зерттеу мақалалары, алғашқы әңгімелері, драм. шығармалары жарық көріп, драматург, прозашы, публицист және қоғам қайраткері ретінде танылып, бірегей дарын екенін байқатқан кезі. Осы кезеңде «Еңлік–Кебек» пьесасы туралы С.Мұқановтың («Тілші», 2.10.1925), Мұстафаның («Еңбекші қазақ», 18.3.1928), «Бәйбіше–тоқал» хақында Даниалдың («Ақ жол», 23.12.1923; «Сана», 1924, №2–3), Ғ.Сағдидың («Ақ жол», 16.12.1923), Смағұлдың («Еңбекші қазақ», 31.1.1926), т.б. мақалалары жарияланды. Әуезов шығарм. жөнінде алғаш пікір білдіргендердің қатарында Қ.Кемеңгеров, Ы.Мұстанбаев, Ш.Тоқжігітов, т.б. бар. «Қорғансыздың күні» әңгімесі туралы Ж.Аймауытовтың («Қазақ тілі», 22.04.1922) пікірі – Ә-дың негізін қалаған мақалалардың бірі. Кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің қалыптасуымен тұстас келгендіктен Ә-дың даму жолы қайшылықты да күрделі болды. 1920 жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында қазақ зиялыларын қаралаған мақалалар көбейді. Әуезов «қазақ ұлтшылдығының жас идеологтарының бірі», «Алашорданың белсенді қайраткері», «Қазақ байшылдығының ұлтшыл идеологы» деген сияқты саяси-идеол. қысымға түсіп, әр тараптан тұрпайы сынға ұшырады. Алайда Әуезов шығарм-ның зерттелуі толастаған жоқ, соның негізінде Ә. ғылымы да қалыптаса берді. Әсіресе, бұл кезеңде Әуезовтің драм. шығарм-ның қойылымдары туралы мақалалар көп жазылды. Мыс., 1917–40 ж. Әуезов шығармаларына қатысты жазылған 140-тан астам мақалалардың бәрі дерлік оның драм. шығармаларын талдауға арналған. Қазақ әдебиеті тарихында өзге авторлар жазған драм. шығармалар жөнінде бірсыпыра сын мақалалар басылым көргенімен, олар сан және сапа жағынан жеке Әуезовтің драм. шығармаларына жазылған мақалалардың деңгейіне жете алмады. Ә-дың екінші кезеңі Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен абайтану саласындағы еңбектеріне тікелей қатысты. «Абай» романының жарық көруіне орай (1942), бұл шығарманы қазақ әдебиетінің зор табысы деп бағалаған Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтың, Т.Нұртазиннің, Ғ.М.Мүсіреповтің, т.б. пікірлері жарияланды. Романның 2-кітабы жарық көрген соң (1947), одақтық мерзімді басылымдарда В.М.Жирмунский, Л.И.Климович, З.С.Кедрина, М.И.Фетисов және П.Г.Скосыревтің, т.б. мақалалары басылды. Соғыстан кейінгі жылдары идеол. қысым қайтадан күшейе түсті де, Әуезовтің шығарм. тағы да сын нысанасына айналды. Қазақстан К(б)П ОК-нің «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателері туралы» қаулысында (1947) және Қазақстан ҒА-сының төралқасы мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы бірігіп өткізген абайтану жөніндегі конференция қаулысында (1951) ұлы жазушының көркем туындылары мен ғыл. зерттеу еңбектері қатты сынға ұшырады. Әуезов шығарм-на қатысты мұндай әділетсіз сын-ескертпелер «Абай жолы» роман-эпопеясы толық жарық көріп, оған Лениндік сыйлық берілген соң (1959) ғана тоқтады. 1957 ж. «Абай жолына» арналған ғыл.-шығарм. конференция өтіп, оның материалдары «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» деген атпен жеке кітап болып шықты. Ә-дың үшінші кезеңі Әуезовтің шығармалары әлемге танымал болып, жан-жақты зерттеу объектісіне айналған кезден басталады. Бұл кезеңде «Абай жолы» эпопеясы туралы М.Қ.Қаратаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, А.Нұрқатов, Кедрина, Ы.Т.Дүйсенбаев, Е.В.Лизунова, Р.Бердібаев, Л.М.Әуезова, т.б. ғалымдар өз моногр. зерттеулерін жариялады. Қазақ және шет ел тілдерінде мыңдаған зерттеулер жарық көрді. Әуезов драматургиясынан кандидаттық, (Р.Нұрғалиев, т.б.), докт. дисс. қорғалып, көлемді моногр. зерттеу жұмыстары жазылды. Әуезовтің дүниетанымы мен филос. көзқарасы (А.Тайжанов), қазақ әдеби тілін байытудағы орасан зор еңбегі (Е.Жанпейісов, М.Балақаев, Е.Бектұрғанов, Р.Сыздықова, т.б.), психол., пед., эстет. ойлары (Қ.Жарықбаев, Қ.Л.Есбаев, т.б.), көсемсөзі (К.Сыздықов, Б.Ө.Жақып), құқықтық танымы (Т.Күлтелеев) жөнінде іргелі зерттеулер жарық көрді. Әуезов шығарм-ның екі биік шыңы бар: ол көркем туындыларының асқары – «Абай жолы» эпопеясы мен ғыл.-зерт. еңбектерінің шыңы – абайтану. Әуезовтің абайтану, фольклортану, қазақ әдебиеті тарихы саласында жазған ғыл. еңбектері қайта басылып, зерттеушілер назарын өзіне аударумен келеді. Ғұлама ғалымның қазақ ауыз әдебиеті, фольклортану, «Манас» эпосы, абайтану жөніндегі ғыл.-зерттеулері туралы моногр. еңбектер жазылды, жүздеген мақала, зерттеулер жарияланды (М.Мырзахметұлы, Ә.Молдаханов, т.б.). Әуезовтің әдеби мұрасын толық қамтып, әлем жұртшылығына таныту мақсатында күрделі ғыл.-зерт. жұмыстары (естеліктер жариялау, жазушының эпистолярлық мұрасын жинақтау, әр салалы библиогр. көрсеткіштер даярлау, шығармаларын шет ел тілдеріне аудару) жүргізіліп, көптеген игі істер тындырылды. «Мұхтар Әуезовтің қолжазба мұрасы» (1997), «Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармаларының шежіресі» (1997) деп аталатын ұжымдық еңбектер жарық көрді. Жазушының 6 томдық (1957), 12 томдық (1967), 20 томдық (1987) шығармалар жинағы жарияланды; ал 1997 жылдан 50 томдық толық шығармалар жинағы шығарыла бастады. Қазақ жазушыларының арасында әлем халықтары тілінде ең көп басылым көргені де, танымалысы да Әуезов шығармалары болып отыр. «Абай жолы» эпопеясын француз тіліне аударған Л.Арагонның: «Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды үлкен абырой санаймын. Менің ойымша «Абай» эпик. романы – 20 ғ-дағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен ерекше ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма кеңес әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын», – деп бағалауы Ә-дың әлемдік деңгейге көтерілгенін танытты. Одан кейін әр елдерде әр жылдардағы аудармаларына байланысты А.Зегерс, А.Стиль, А.Курилла, Б.Матип сияқты жазушылардың пікірлері жалғаса келіп, 1997 ж. Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орай ЮНЕСКО өткізген ғыл. конференцияға ұласты. А.Фишлердің «М.Әуезов – сайын дала жыршысы», Жак Монньенің «М.Әуезовтің туған жеріндегі ядролық сынақтар», Ш.Пужольдің «М.Әуезов – өз дәуірінің айнасы, келешекті кескіндеуші», К.Лемерсье-Келкеженің «М.Әуезов – ұлттық рух бейнесі», Л.Робельдің «Антуан Витез және «Абай» романы», Р.Дордың «Қазақ әдебиеті» деген зерттеулері Ә-дың әлемдік өркениет тарихынан алатын орнын айқындай түсті.
Әдеб.: Д А Н И Я Л
[edit](Ысқақов Д.) Бәйбіше – тоқал, «Ақ жол», 23 желтоқсан. 1923; К е д р и н а З.С., Мұхтар Әуезов, М., 1951; Н ұ р қ а т о в А., Мұхтар Әуезов, А., 1957; Л и з у н о в а Е., Мастерство Мухтара Ауэзова, А.-А., 1968; А у э з о в а Л.М., Исторические основы эпопеи «Путь Абая», А.-А., 1969; Мухтар Ауэзов – классик советской литературы. СПб., А., 1980; М ы р з а х м е т о в М., Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары, А., 1982; с о н ы к і, Восхождение М.Ауэзова к Абаю, А., 1995; А х м е т о в З., Поэтика эпопей «Путь Абая» в свете истории ее создания, А.-А., 1984; Н ұ р ғ а л и е в Р., Мұхтар Әуезов тағлымы, А., 1987; Мұхтар Әуезов және қазіргі заманғы әдебиет (М.О.Әуезовтің 90 жылдығына арналған салтанатты мәжілістің материалдары, қазақ, орыс тілдерінде), А., 1989; Ж а н п е и с о в Е., Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведений М.Ауэзова), А.-А., 1989; Т а й ж а н о в А.Т., М.О.Ауэзов – мыслитель, А.-А., 1991; Muhtar Awezov Hakkіnda Makaleler, Ankara, 1997; Мұхтар Әуезов туралы естеліктер, А., 1997; Абайтану дәрістерінің дерек көздері (құрастырып, алғы сөзі мен ғыл. түсініктемелерін жазған Л.М.Әуезова мен М.Мырзахметұлы), А., 1997; Ж а қ ы п Б., Мұхтар Әуезов – публицист, А., 1997; Мұхтар Әуезов әлемі. Құраст. Ж.Аупбаев, А., 1997; Мұхтар Әуезов: ұлттық болмыстың ұлы жыршысы (ЮНЕСКО-да өткен халықаралық конференция материалдары, қазақ, орыс, француз тілдерінде), А., 1998; А н а с т а с ь е в Н.А., Трагедия триумфатора: Мухтар Ауэзов – судьба и книги, А., 2007.
Әуезов Үйі, «Ә У Е З О В Ү Й І» Ғ Ы Л.-М Ә Д Е Н И О Р Т. – Ұлы Жазушы Мұхтар Әуезовтің Өмірі Мен Шығарм. Мұрасын Көпшілікке Таныстыру, Насиха
[edit](1951–61) үйде (Төлебаев көшесі, 135-үй) орналасқан. Бұл үйді мұражайға айналдыру туралы Қазақстан Үкіметінің Қаулысы 1961 ж. 10 тамызда қабылданды. Жазушының әдеби мұрасы, өзі көзі тірісінде тұтынған заттары, үй жиһаздары, қолжазбалары жүйеге келтіріліп, тақырыптық көрмелер жасалып, 1963 ж. 28 қарашада мұражай ресми түрде ашылды. Қазақстан Үкіметінің «М.О.Әуезовтің туғанына 100 жыл толу мерейтойына дайындық және оны өткізу туралы» 1993 ж. 19 шілдедегі (№810) Қаулысына сәйкес, 1996 ж. 1 маусым күні мұражай «Әуезов үйі» ғыл.-мәдени орт. болып қайта құрылды. Орталық негізінен үш бағытта жұмыс жүргізеді: бірінші бағыты – жазушының өмірі мен шығарм. мұрасын жинақтау, оны ғыл. жүйеге түсіріп саралау, жариялау және әуезовтану саласы бойынша жарық көрген еңбектерді жинау. Екінші бағыты – мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино, фото, дыбыс қорларындағы мұраларды ғыл. жүйеге түсіру, көрме ұйымдастыру. Қолжазба қорында 72 мыңнан астам мұрағаттар, сирек кездесетін кітаптар, жазушының күнделіктері мен жолжазбалары, архивтерден жинаған құнды деректері, жеке басы құжаттары, т.б. бар. Үшінші бағыты – Әуезовтің азаматтық, шығарм. құқығын қорғау. Орталық орналасқан мұражай үйі екі қабаттан тұрады, онда 8 бөлме бар. Орталықта мекемелер мен жоғары оқу орындарына, мектептерге апарып таныстыруға арналған тақырыптық көшпелі көрме жұмыс істейді. Қайта қалпына келтіру шеберханасы мен ғыл. жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім бар.
Әуелбаев Сөтекбай Шаңбайұлы
[edit](1952 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Ойық а.) – экон. ғыл. докт. (2000), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Жамбыл технол. ин-тын (1976), Мәскеу қаржы ин-ты аспирантурасын (1987) бітірген. Жамбыл а. ш. бірлестігінде есептеуші, ауд. оқу бөлімінде бухгалтер, обл. тұрғын үйлер мен коммуналды шаруашылықтар жүйесінде ревизор-инспектор, бас бухгалтер болған. 1981–97 ж. Жамбыл технол. ин-тында ассистент, кафедра меңгерушісі, Тараз мемл. ун-тінде проректор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1997 жылдан осы ун-тте кафедра меңгерушісі. Көптеген ғыл. еңбектердің авторы.
Әуелғазина Толқын Құдайбергенқызы
[edit](20.9.1971 ж.т., қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд.) – тарих ғыл. докт. (2007), проф. (2008). ҚазПИ-дің тарих ф-тін (1994, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1997) бітірген соң осы ун-тте оқытушы (1998–99), аға оқытушы (1999–2000), доцент (2002–03), проф. (2008) қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғыл.-зерт. жұмыстарының бағыты – қазақстандықтардың саяси әлеуметтенуі мен қоғамды демократияландыру және 20 ғ-дың бас кезіндегі қазақ зиялыларының саяси-қоғамдық қызметінің өзекті мәселелері. «Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның саяси әлеуметтенуі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә. 50-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның («Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның саяси әлеуметтену ерекшеліктері») авторы.
Әуешов Әбдіразақ Пернебайұлы
[edit](24.5.1956 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш ауд. Дербісек а.) – тех. ғыл. докт. (2004), проф. (2006). ҚазМУ-ды (1978, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақ хим.-технол. ин-тының аспирантурасын (1984) бітірген. 1978 ж. Қазақ хим.-технол. ин-тының физ. химия кафедрасында лаборант, 1979–80 ж. Хим.-фармацевтика з-тында аға аппаратшы, 1987–97 ж. Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1997 ж. осы ун-ттің докторантурасында оқып, кейін лаборатория меңгерушісі болды. Қызылорда обл. әкімдігінің біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау ин-ты директорының орынбасары, «Таза технологиялар жасау» ЖШС-нің директоры қызметтерін (2001–03) атқарды. «Поли(цикло)фосфаттар мен әр түрлі тотықсыздандырғыш реагенттердің жоғары температурада өзара әрекеттесуі және фосфидтер мен фосфорлы құймаларды алу технологиясын жасау» атты тақырыпта докт. дисс. қорғады. 2004 жылдан Халықар. қазақ-түрік ун-тінің Шымкент ин-тында жалпы бейорганик. және аналит. хим. кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
Әулие Аңғары – 9–12 Ғ-Лардан Сақталған Көне Қала Орны. Жамбыл Обл. Тұрар Рысқұлов Ауд-Нда Орналасқан. 1938 Ж. Жетісу Археол. Экспедициясы
[edit](жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген. Қала жұрты екі алаңды алып жатыр. Биікт. 8–9 м. Батыс алаңның ұз. 105 м. Шығыс алаң батыстан шығысқа қарай 100 м, солт-тен оңт-ке қарай 120 м аумақты алып жатыр. Батыс алаңның айнала шетінде топырақ дуалдың сілемі сақталған. Ортада шағын дөңгелек төбе бар, аум. 20 м2-ге жуық. Шығыс алаң түгелімен тастан үйілген. Шет жағында ірі тастардан қаланған дуалдар кездеседі. Алаңның ортасында су шайып кеткен шағын төбелер бар.
Әулиебастау – Көне Қала Орны. Тараз Қ-Нан Батысқа Қарай 25 Км Жерде. Алғаш Археологтар Е.и.агеева Мен Г.и.пацевич Зерттеген. Қаланың Қазірг
[edit](10–12 ғ-лар) болған деп тұжырымдайды.
Әшімбаев Түймебай
[edit](20.5.1918, Жамбыл обл. Шу ауд. Балуан Шолақ а. – 15.3.1995, Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1967), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның акад. (1983), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1978). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан (1941–45). Соғыс аяқталған жылы «ұлтшыл» деген жалған айыппен тұтқынға алынып, алты жыл (1945–51) саяси қуғын-сүргіннің азабын тартқан. ҚазМУ-ды бітірген (1957). 1958 жылдан Экономика ин-тында ғыл. қызметкер, ғыл. хатшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін осы ин-ттың директоры болды. Ә-тың ғыл. еңбектері Қазақстандағы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану, өндіріс қарқынын жеделдету және оның экон. тиімділігін арттыру, инвестиция мен негізгі қордың ұдайы өндірісі, еңбек өнімділігін арттыру, қор қайтарымы және қор сыйымдылығы мәселелеріне арналған. Оның өндірістік мүдде, ынталандыру және экономиканы басқару жөніндегі зерттеулерінде нарықтық экономикаға көшу, республика өндіргіш күштерінің жағдайы, даму барысы проблемаларына баса назар аударылған. Ә. 350-ден астам ғыл. еңбектің авторы, олардың 17-сі монография.
Әшімбаева Аида Түймебайқызы
[edit](14.3.1955 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (2000). ҚазМУ-ды (1977, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да стажер-ізденуші, аспирант (1977–83), ҚазПИ-де (1983–2000, қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, аға оқытушы, доцент, ҚР Экон. мин-лігі экон. зерттеулер ин-ты бас директорының орынбасары (2000–03), ал 2003 жылдан Дүниежүз. нарық ин-тының директоры болып қызмет етеді. «Структурные сдвиги в экономике: теория, методология, практика регулирования» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ә. 70-тен астам ғыл. жарияланымның («Общественное воспроизводство в целом», 1989; «Структура экономики: закономерности формирования, тенденции и приоритеты развития», 2000, т.б. кітаптардың) авторы.
Әшімбаева Бағила Өмірбайқызы
[edit](25.3.1944 ж.т., Қырғызстан, Киров ауд. Буденный а.) – физ.-матем. ғыл. канд. (1985). ҚазМУ-ды бітірген (1966, қазіргі ҚазҰУ). 1967–92 ж. Қазақстан ҒА-ның Ядр. физ. ин-тында ғыл., аға ғыл. қызметкер болды. 1992 жылдан Физ.-тех. ин-тында аға ғыл. қызметкер. Негізгі ғыл. еңбектері электрондық спектроскопияға арналған. Ол зарядталған бөлшектер шоғының энергия және масса талдамасын жасауға арналған сезгіштігі жоғары электр статикалық айналмалы талдауыштарды құрастыруға қатысты. Мұндай талдауыштар іргелі және қолданбалы физ. мәселелерін шешуде кеңінен пайдаланылады. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1992).
Әшімов Әбдіғаппар
[edit](1.1.1937 ж.т., Жамбыл обл. Мойынқұм ауд. Бірлік а.) – тех. ғыл. докт. (1972), проф. (1973), Қазақстан ҒА-ның акад. (2003), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1981). Қазақ политех. ин-тын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті), Мәскеудегі Болат және қорытпалар ин-тының аспирантурасын (1963) бітірген. 1963–89 ж. Қазақ политех. ин-тында аға инж., доцент, кафедра меңгерушісі, 1976–85 ж. осы ин-ттың ректоры, 1989–91 ж. Матем. және мех. ин-ты директорының орынбасары, 1991–94 ж. Ақпараттану және басқару проблемалары ин-тының директоры, 1994–97 ж. ҚР Мемл. аттестациялық к-тінің төрағасы болды. 1997 жылдан Ақпараттану және басқару проблемалары ин-тында бөлім меңгерушісі. Ә-тің негізгі ғыл. еңбектері бірегейлендірудің теор. негіздері, автоматтық басқару теориясы, жүйелік талдау, ұйымдастыру жүйелерін басқару, өндірістік процестерді жобалау мен ғыл.-зерт. жұмыстарын автоматтандыру, т.б. мәселелерді зерттеуге арналған. Халықтар достығы орденімен және медальдармен марапатталған.
Әшімов Оңдасын Бaйкенұлы
[edit](21.3.1951 ж.т., қазіргі Ақмола обл. Зеренді ауд. Зеренді а.) – инж.-электрик, тех. ғыл. докт. (1992), проф. (1993), Қазақстан ҰҒА-ның акад. (2003), Халықар. жоғары мектебі және ҚР Инж. академияларының акад. (2006). Қазақ политех. ин-тын бітірген (1973, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті). 1973–75 ж. сол ин-тта зерттеуші, 1975–96 ж. Алматы энергетика және байланыс ин-тында аспирант, кіші, аға ғыл. қызметкер, аға оқытушы, лаборатория меңгерушісі, проректор (1994–96) болды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық тех. ун-тінің проректоры. Негізгі ғыл. еңбектері электрлі термиялық аппараттарды құрастырудың, электр технологиясының және энергия сақтаудың теориясы мен практикасын зерттеуге арналған.
Әшімханова Светлана
[edit](27.5.1943 ж.т., Алматы обл. Райымбек ауд. Жалаңаш а.) – филол. ғыл. докт. (1999), проф. (2000). ҚазМУ-ды (1967, қазіргі ҚазҰУ) және Мәскеу мемл. ун-тінің аспирантурасын (1973) бітірген. ҚазМУ-да аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, аға ғыл. қызметкер (1973–98), 2002 жылдан проф. қызметін атқарады. «Ғабит Мүсірепов прозасының поэтикасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – 20 ғ-ға дейінгі Батыс Еуропа әдебиетінің қалыптасып, даму жолын зерттеу мәселелері. Ә. 40-тан астам ғыл. еңбектің авторы.
Әшіров Әбдімәлік Манапұлы
[edit](1944 ж.т., Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ.) – тех. ғыл. докт. (1993), проф. (1995). Мәскеу хим.-технол. ин-тын (1967) бітірген. 1967–81 ж. Қазақ хим.-технол. ин-тында инж., аға ғыл. қызметкер, 1981–88 ж. лаборатория меңгерушісі, физ. және коллойдтық хим. кафедрасының доценті болды. 1993 жылдан Халықар. қазақ-түрік ун-тінің Шымкент бөлімшесінің физ. және коллойдтық хим. кафедрасының проф., ин-т проректоры, жаратылыстану-матем. пәндері бойынша оқыту ғыл. кешенінің директоры, хим.-биол. ф-тінің деканы, вице-президенті, ректоры қызметтерін атқарды. 140-тан астам ғыл. еңбектің авторы.
Әшітов Зайырқан Омарұлы
[edit](26.12.1923 ж.т., Павлодар обл. Ақтоғай ауд. Жаңааттаныс а.) – заң ғыл. докт. (1973), проф. (1979). Қазақ КСР-інің еңбек сің. заңгері (1974). Әскери заң академиясын (1952, Мәскеу қ.) бітірген. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1952–76 ж. Алматы гарнизоны әскери трибуналының, Забайкальск гарнизоны әскери трибуналының мүшесі, Алматы гарнизоны әскери трибуналының төрағасы, Ортаазиялық Қызыл ту әскери трибуналы төрағасының орынбасары, КСРО Жоғ. соты әскери алқасының запастағы судьясы, 1976–79 ж. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1979 жылдан Қазақ мемл. басқару академиясында кафедра меңгерушісі, ҚР Қорғаныс мин-лігінің жоғары шекара командалық уч-щесінің проф. қызметтерін атқарады. «Уголовная ответственность военнослужащего за нарушение порядка пользования и сбережения военного имущества» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 60-тан астам ғыл. мақала мен 8 монографияның авторы.
Әшітова Гүлнәр Амангелдіқызы
[edit](10.11.1968 ж.т., Павлодар обл. Павлодар қ.) – филол. ғыл. докт. (2002). Павлодар мемл. пед. ин-тын (1989) бітірген. Ресей үкіметі жанындағы Халықар. ғыл. және мәдени әріптестіктер орт-ның бас маманы (1996–98), 1999 жылдан Ресей халықтар достығы ун-тінің Қашықтан оқыту ин-тының директоры. Ресей үкіметінің білім саласындағы сыйл-мен марапатталған (2002).